Page 123 - index
P. 123

шопандарының алғы шебінен көрінді. Елімізде адал еңбектің әрдайым
орынды бағаланатынына шопан осы тұста айқын көз жеткізген.
Қазір сол жылдарғы табысының куәсіндей оның омырауында Еңбек
Қызыл Ту ордені жарқырайды. Жабекең оныншы бесжылдықта да
межелі биіктен бір жыл бұрын көрінді. Соның нәтижесінде өзі секілді
еңбек озаттарымен бірге СССР Халық шаруашылығы жетістіктері
көрмесінде болып, кеудесіне көрменің қола медалін тақты. Он бірінші
бесжылдықтың басынан бері де осы еңбек сарынынан таңбай келеді.
Тек былтырдың өзінде қарамағындағы әр жүз саулықтан 141-ден төл
өргізіп, аудан саңлағы атанды. Осы толымды табысы үшін Қазақ ССР
Жоғары Советінің Құрмет грамотасымен наградталды. Ал биыл кәрі
саулықтардың әр жүзінен 121-ден қозы алып, өзінің кәнігі шебер екенін
айқын танытты.

    Өздеріңіз көріп отырғандай, еңбегімен ел сүйсіндірген шопанға
жылдар сыйлаған қуаныш, өзіміз жоғарыда айтқандай, Жабекеңнің сол
жылдарда қалдырған қолтаңбасы осындай. Өз ортасына еңбегімен сый-
лы жанның салауатты сөзін айнал­ асындағы үлкен-кішілі әріптестерінің
ден қоя тыңдап, оның ақыл-кеңестерін бұлжытпай орындауға тыры-
сатыны баршаға белгілі ақиқат. Сондықтан да болар, басшылар мен
мамандар шопан шаңырағына жиі-жиі бас сұғып, шаруа жайында
салиқалы әңгіме қозғайды. Себебі олар Жабекеңнің айналасындағы бір
қауым топты өз соңына ерте алатынына, оған тәжірибесі мен беделінің
жететініне толық сенеді. Соңғы күндері айтулы шопанның мазасыз күй
кешіп жүрген себебі де осы еді. Содан Шарбақты қыстауындағы өзіне
қарайлас жеті-сегіз шопанды үйіне шақыртқан. Құлжабай Ілепбаев,
Рыскелді Ибадиев бастаған жігіттер малды жайғап болған соң кешке
қарай Жабекең шаңырағының табалдырығын ақ көңілмен аңқылдай
аттаған. Ауызғы бөлмеде берекесі ешқашан да ортаймайтын қара қазан
бұрқ-бұрқ қайнап жатыр. Шопан бәйбішесі екі иығынан дем алған сары
самаурынды әлденеше рет еселеп үлгерді. Қою күрең шай қабақтарын
жадыратып, денелерін бусандырған шопандар тым көңілді. Біраздан
бері күнделікті таусылмайтын шаруа күйбеңімен бас қоса алмай
жүрген әріптестер мәре-сәре. Көзден жас аққанша күлдіретін қисық
қалжыңның, көңілге ой салатын салауатты әңгіменің, бір-біріне деген
жеңіл өкпе-наздың тиегі, әй бір ағытылды дейсің. Шопан шаңырағы
шаттықтан тербетіліп тұрғандай.

           123

⇐ МАЗМҰНЫ
   118   119   120   121   122   123   124   125   126   127   128