Page 124 - index
P. 124

– Биылғы қыс қиындау болып тұр-ау, жігіттер, – деді бір тұста
Жабекең отырғандарға барлай қарап. – Кеше орталықтан қайтып
келе жатып, бұл төңіректі былай қойғанда Қарадаланың өзіне жауған
қардың тізеден асқанын аңғардым. Оның үстіне аяз да күшіне мініп
алды. Қар жауса – жердің ырысы. Дегенмен осы тұста біздер бекемдік
танытпасақ болмайды.

    – Жөн сөз, Жабеке, – деп оны Құлжабай қостады. – Осында жас
шопандар отыр. Қазір, әсіресе солардың бірқатары абыржулы. Өзіңіз
секілді көпті көрген кісінің іс-тәжірибесі қиын шақта үлкен сабақ қой.

    – Ең алдымен мына жайды естен шығармағанымыз дұрыс-ау
деймін, –деп сөзін сабақтады Жабекең. – Әр қыстауда шөп бар. Қыс
созыла берсе, оның жетпей қалуы ықтимал. Сондықтан, жігіттер, қазір
уақытты тиімді пайдаланып, малды көбіне өріске шығару керек. Анау
қамыс, сексеуіл, қарабарақ малға ықтасын, әрі от. «Нашар шопан өрісін
бір күнде тауысадының» кері келіп жүрмесін. Өрісті тиімді пайдалану
керек. Ол үшін шопан аттан түспеуі, үнемі отар соңында болуы керек.

    Жемшөпті мейілінше үнемдеу, оның ысырабына жол бермеу, жай-
ылымды тиімді пайдалану төңірегінде өрбіген әңгіме сайып келгенде
ауызбірлікті күшейте түсіп, әркімнің жеке жауапкершілігін барынша
арттыруға келіп тіреледі. Осы тұста шопандардың бірқатары өздерін
толғандырып жүрген жайларды ортаға бүкпесіз жайып салған.Осылай-
ша әлден уақытқа дейін әңгіме-дүкенді қыздырып отырған қарапайым
еңбек иелерінің ортақ игілік төңірегіндегі ой-пікірлері бір арнада
тоғысып жатты...

    Шопандар түн ортасы ауа атқа қонды. Олардың саңқылдаған дауы-
стары аязды түнде алысқа естіледі. Аралары тиіп тұрған қыстаулардың
оттары көзге шалынды. Оқта-текте шопандардың саққұлақ төбеттері
үйреншікті дағдыларымен жарыса үріп, төңіректі жаңғыртады. Қалай
дегенмен де сырт көзге бұйығылау көрінетін осынау қыстауларда маза-
сыз тіршілік бұрқ-сарқ қайнап жатыр...		

                       Жетісу газеті, 1984, желтоқсан

    Корреспонденция – мерзімді баспасөз беттерінде жиі кез­
десетін басты жанрлардың бірі. Оның қоғамдық-әлеуметтік мән-
маңызы өте жоғары. Корреспонденциялар бірде өмір тіршіліктегі
жаңалықтарды насихаттаса, бірде озат тәжірибелерді таратады,

                                              124

  ⇐ МАЗМҰНЫ
   119   120   121   122   123   124   125   126   127   128   129