Page 17 - index
P. 17

сөздер (егер олар ғылыми шығармаларда тек термин ретінде
қолданылмаса) әрдайым эмоционалды бояумен көмкерілген»
[12,118]. Н. М. Разинкина да осы идеяны дамытып, тереңдете
отырып, эмоционалды мағынаны білдіретін сөздегі бағалаудың
үш белгісін көрсетеді: 1) бұл бағалаудың өте субъективті си-
паты; 2) эмоционалды әсер етудің орасан күші; 3) белгінің
дифференциацияланбаған таңбасы.

    Сонымен, сезімге тікелей қатысты түсініктерді білдіретін
сөздер эмоционалды мағынаға ие болады; эмоционалды бояу
«сөз бойында сөз мағынасының заттық-логикалық ерекшелі­
гіне байланысты жанама пайда болады да, оның айналасы-
на субъективті-сезімдік қатынас (жағымды немесе жағымсыз)
қалыптастырады» [11, 36].

    Кейбір авторлар: а) эмоционалды-экспрессивті бояу; б) тілдік
бірліктердің функционалды-стильдік бояулары; в) олармен үй­
лесетін бірліктердің сипаты; г) бояудың айтушының қатынасы
мен коммуникативтік мақсатымен екі жақтан да қатысты бо-
луы сияқты – факторлардың әсерінің жиынтығы стилистикалық
мағына ретінде анықтауға болатын қажетті стилистикалық
эффектіні жасайтынын көрсетеді [13, 82].

    Сөз бойындағы экспрессивтілік пен эмоционалдылыққа
жағымды – жағымсыз бағалауыштық бояу жамалуы да мүмкін:
тамақ іш – атауыңды іш; бет, жүз – сиық, пошым; ұят – шам;
аласа – қортық, мәстек, мыртық; жеңілтек, ұшқалақ – шошақай,
тұштақай. Міне, осылайша, аталмыш үш компоненттің бір күрделі
бояуға құйылуынан эмоционалды-экспрессивті-бағалауыштық
сөз пайда болады.

    Сөздің бағалауыштық, эмоционалды-экспрессивтілік сипат-
тары стилистикалық жіктелуге жиі ұшырайды. Мысалы, жа­
ғымды бояу көбіне кітаби стильдерге тән болса (көмектесу –
үлесін қосу, от – жалын), жағымсыз бояу ауызекі сөйлеу тілінде
(тұштақай, мәстек, сиық, т.б.) көбірек кездеседі. Эмоционалды-
эксрпессивті сөздер қалжың, қалжың-кекесінді, мақұлдамау, ер-
келету, көтеріңкі және т.б. сипатқа ие бола алады. Бұл реңктер,
әсіресе, айтылу барысында интонация арқылы ерекше көрінеді.

           17

⇐ МАЗМҰНЫ
   12   13   14   15   16   17   18   19   20   21   22