Page 125 - index
P. 125

енді бірде халық шаруашылығының саласындағы кемшіліктердің,
жағымсыз фактілердің сырын ашады.

    Тағы бірде корреспонденция бұқаралық хабар мен насихат
құралдарының, саяси мемлекет қайраткерлерінің белгілі бір
ішкі, сыртқы әлеуметтік мәселе жөніндегі пікіріне байланысты
жазылады. Оның мұндағы мақсаты – осы пікірлерге жұрт наза-
рын аудару, тез үн қостыру, жедел талдау жасап, мән-маңызын
ашу. Корреспонденция өзі қозғамақ болған ой-пікірлерге негіз
боларлық факті материал беретін объектіні тап басып тауып
ала білуі керек. Бұл үшін оның авторы өмірді үнемі зерттеп,
қай жерде не болып жатқанын біліп жүруге, редакцияға түскен
хабарларға қанық болуға, жергілікті газеттердің не жазып
жатқанын аңғарып отыруға, ондағы тілші, авторлармен үнемі
тығыз байланыс сақтауға міндетті. Сондай-ақ, корреспонденция
қозғалып отырған факт, оқиға, құбылысқа мемлекет тұрғысынан
дұрыс талдау жасап баға беруге тиіс. Оны автор мемлекет саяса-
тын дұрыс түсіндіріп, жүзеге асыратын бағытта, істі тиімді ше-
шуге септігін тигізетін тұрғыда жазуға борышты. Өйткені кор-
респондент – дұрыс бағытқа немқұрайды қараушы емес, соны
жүзеге асырушы күрескер.

    Корреспонденцияда жаңалық, соны хабар-ошар болуы тиіс.
Нақты бір тәжірибедегі жаңа тенденция аңғартылуы керек.
Осыған орай жұрт алдында тың мәселе, міндет қойылып, оны
жүзеге асырудың жолдары аңғарытылса, нұр үстіне нұр. Яғни,
корреспонденция оқырмандардың аңғармай, ескермей жүргенін
байқатып, оларды еті үйреніп кеткен нәрселерден арылтуға, алға
қарауға, жаңалыққа жетелеуге тиіс.

    Бұл жанрға мазмұнмен бірге, әдемі форма да керек. Оның үнемі
жаңғыртылып, желпіндіріліп жазылуы қажет. Бірқалыптылық,
бірізділік – корреспонденция жауы. Әрі оған да темірдей логика,
мықты композиция жүйелі, айқын стиль, әсерлі тіл қажет. Мақал-
мәтел, қанатты сөз, әдемі эпитет, табылған теңеу, риторикалық
лептеу, сұрау, тіпті өмірдің кейбір көріністерін көз алдыңа
елестететін сұлу суреттеулер оған жат емес. Сондай-ақ, онда

           125

⇐ МАЗМҰНЫ
   120   121   122   123   124   125   126   127   128   129   130