Page 126 - index
P. 126

салмақты түйін, орынды қорытынды, жинақталған ой болуы
шарт. Автор ұтымды да ойлы өзіндік нақты ой-пікір, ұсынысы
бар қорытындылар жасай білуі тиіс.

    Публицистиканың тағы бір негізгі салаларының бірі –
ақпараттық публицистика жанрлары. Ақпараттық жанрлардың
негізгі мақсаты – ел іші мен шет елдерде болып жатқан маңызы
бар жаңалықтар мен өзгерістерді халыққа жылдам жеткізіп,
көрерменді олармен тез таныстырып жедел түрде хабардар ету.
Олар ауқымы жағынан шағын масштабтағы, уақыты жағынан
қысқа аралықтағы жеке, нақты бір болмыс, құбылысты түйіп
хабарлап, солардан шағын ғана мағлұмат беріп қана қояды.
Негізінен не болды, қашан болды, қайда болды? деген сауалдарға
жауап береді. [58, 188].

    Теледидарлардағы жаңалықтар – ең басты жанр. Көптеген
телеарналардың уақытының басым бөлігі осы жаңалықтарғ­ а
бөлінеді. Телеарналар жаңалықтарды беруде бейтараптық, әділ­
дік, шыншылдық принципін ұстануға тырысады. «Негізінде
жаңалықтар беретін ақпарат агенттіктері өздерінің кәсіби қыз­
метіне идеологиялық және саяси жағынан әділ болуы керек. Тек
сондай жағдайда ғана олардың өнімдері: жаңалықтар лента-
сы, тақырыптық таңдау, шолу және т.б. әділдік пен шындықты
қамтамасыз ете алады. Алайда тәжірибеде еш жерде және
ешқашанда бұлай бола бермейді» [59, 45]. Телеарналардағы
түсірілетін, хабарланатын, іріктелетін, талданатын оқиға мен
ортаны таңдайтын жеке адам, журналист болғандықтан, бұл
принципті үнемі сақтау мүмкін емес. Ондағы құбылыс пен
оқиғаларға журналистің немесе белгілі бір әлеуметтік топтың
жеке көзқарасы мен субъективті бағасы араласып жатады.

    Ақпараттық публицистикалық жанрдың бірі – заметка. «За-
метка жанрының негізгі функционалдық міндеті хабарда акту-
алды жаңалықтарды хабарлау. Заметканың өзегінде күнделікті
қоғамды толғандырып отырған, оперативті, қоғамдық мәнге
ие факт жатады. Оны айқындайтын белгісі – ондағы жаңалық
пен қысқалық. Ал журналист үшін маңыздылығы оқиғадағы

           126

⇐ МАЗМҰНЫ
   121   122   123   124   125   126   127   128   129   130   131