Page 127 - index
P. 127

фактіні көріп қана қою емес, ол жайлы баға әрі түсініктеме беру.
Заметканың кең тараған қысқа түрі хроника және фенолдық
болып табылады. Хроника – тарихи оқиғаны хронологиялық
жүйелілікпен беру жайлы жазба. Сондықтан журналистика­
дағы хроника – бұл факті төңірегіндегі қысқаша хабарлама»
[58, 189].

    Қазақ ғалымдары заметканың екі түрін көрсетеді, оны проф.
Т.Амандосов «біртектес заметкалар және дербес заметка» деп
атаса [60,161], проф. Т.Қожакеев «бірқилы заметка және дербес
заметка» деп бөледі [48,45]. Ал Қ.Тұрсын бейнезаметканы шарт-
ты түрде екіге бөлуге болатынын көрсетеді: «Біріншісі – оқиғаны
ресми, дәстүрлі хабарлау түрі: жоғары құқықтық орган сессиясы-
нан баспасөз конференциясына дейін. Мұндай шараларды түсіру
кезінде тәжірибелі оператор журналист нұсқауын қажет етпейді.
Түсіру кезінде залдың бірнеше жалпы көрінісі, сөйлеушінің ірі
планы, президиумға панорама, тыңдаушылардың жазып отырған
бірнеше кадрлары алынады да; залдан сұрақ қойылып – мінбеден
жауап алынады. Редакцияға осындай көріністегі материал келіп
түседі. Одан әрі монтаж кезінде артық кадрлар мен шулар алы-
нып тасталады.

    Екінші түрі – заметканы сценарлық әлде авторлық деп
атау. Мұнда журналистің шығармашылық-өндірістік процеске
қатысы айқын сезіліп, оның ақпарат сапасына әсері байқалып
тұрады. Автор экранға лайықты фактіні іріктеп, алдын ала түсіру
характері мен монтажды да айқындап алады. Теледидарда еңбек
жолын жаңа бастаған жас журналистен сценарлық жоспар та-
лап етіледі. Онда әңгімеге арқау болатын нысан не оқиғаның
қысқаша мазмұны баяндалады (тақырып, идея, материалдағы
факті), әрі бейнелеудегі шешімдер де қоса беріледі» [58,190].

    Заметка мәтіні қысқа, ықшам болып, ол көрерменде туын-
дайтын сұраққа жауап беруі тиіс, ең бастысы ондағы сөйлеу
бөлімі бейнежазбадағы қатарды қайталамауы қажет. Кез кел-
ген көрермен экраннан көріп отырған көріністі қайталап түсін­

діріп жату тележурналистің тәжірибесіздігінен немесе сауат­

сыздығынан хабардар етеді.

           127

⇐ МАЗМҰНЫ
   122   123   124   125   126   127   128   129   130   131   132