Page 128 - index
P. 128

Сөйлеу барысында ұзақ, ұғынуға ауыр, құрмалас сөйлем­
дерден аулақ болған жөн. Телевизиялық лексика кеңселік, кәсі­
бисіздік әрі таза ғылыми терминологиялық ұғымдарға көне
бермейді [58,190].

    Сценарийдегі негізгі ой әлде оқиға сюжетіндегі арқау «лид»
түрінде берілуі де мүмкін. Көрерменнің назарын өзіне аудару
үшін алдын ала хабарға дейін өзге хабарлардың арасында ол жай-
лы қысқаша ғана түсініктеме беріледі. Немесе хабар басындағы
сөйлемнің алғашқы жолдары да мәнді рөл атқарады. Алайда,
журналистерге алғашқы сөйлемді құрудың екі қиындығын атап
айтуға тиіспіз: «біріншіден, оқиғадағы ең мәнді жайды хабар-
лау; екіншіден, алғашқы жолдардан көрермендер назарын өзіне
аудару. Тележүргізуші хабардың басында актуалды проблема-
ны хабарлауы, не қандай да бір жоғары лауазымды тұлғаның
ойын келтіруі, не оқиғаның қорытындысын констатациялауы
қажет болуы әбден ықтимал. Егер лидта автор оқиға арқауын
бенелеуге ұмтылыс танытса, ал хабардың бастауында қандай да
бір әрекет жайлы толықтай түсінік беруге ұмтылыс танытады.
Образды түрде айтқанда, лид – автордың бастау алар позици-
ясы болса, ал бастама – алға жылжудағы бірінші қадам болып
табылады. Алайда заметканың композициялық құрылымының
айрықшылығы, онда қорытынды бөлімнің болмайтындығы»
[58, 190].

    Әдетте заметкада нақты оқиғаның немесе фактінің негізінен
хаттамалық сипаттамасы беріледі, сондықтан оған баяндаудың
ықшамдылығы, сөздерді тек атаулық мәнде қолданылуы, дербес
авторлық стильдің болмауы сияқты ерекшеліктер тән:

           Әңгіме өзегі – әзірлік

    Кеше Парламент Сенатының Төрағасы, ЕурАзЭҚ Пар­
ламентаралық Ассамблеясының Төрағасы Қайрат Мәми
ЕурАзЭҚ ПАА-ның Жауапты хатшысы Петр Зверевті қабыл­
дады, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қыз-
меті.

           128

⇐ МАЗМҰНЫ
   123   124   125   126   127   128   129   130   131   132   133