Page 129 - index
P. 129

Кездесу барысында биылғы қараша айында болатын ЕурАзЭҚ
ПАА Бюросы мен тұрақты комиссиясының отырысын өткізуге
әзірлік мәселелері талқыланды. П.Зверев Сенат Төрағасын
«Еуразиялық экономикалық ықпалдастық: қалыптасу және
даму» ғылыми форумына әзірлік туралы хабардар етті («ЕҚ»,
04.10.2012 ж.).

    Мұндай хроникалық заметкаларда жекелеген фактілер тура-
лы ықшам хабарламалар жазылып, оған ешқандай түсініктемелер
берілмейді. Хроникалық заметкаларға қарағанда, корреспон-
денцияларда берілетін хабарламалардың көлемі ғана артып
қоймайды, баяндау сипаты да өзгеріп, әртүрлі тілдік құралдар
қолданылып, жазудың жеке авторлық мәнері пайда болады.

    Есеп жанры қандай да бір аудитория қатысатын, онда ма­
ңызды мәселе талқыланатын ақпараттық хабарлама болып табы-
лады [58, 191]. Есеп материалдары өзінің сипаты жағынан жал-
пы немесе тақырыптық, ал мақсаты мен баяндау тәсіліне қарай
ақпараттық (сөз, оқиға, факті рет-ретімен беріледі) немесе тал-
дамалы (оқиғаға баға немесе түсініктеме беріледі) болып бөлі-
неді.

    Жалпы есеп жанры бұқаралық ақпарат құралдарында жиі
қолданылғанмен, оның түрлері туралы пікірлер әртүрлі: тіке,
ақпараттық, талдамалы, тақырыптық, проблемалық есеп [61,
42-55]; тіке, қысқа, кеңейтілген, спорт, сот есебі [60, 171];
тікелей ақпараттық, талдамалы, тақырыптық, бір адамның
сөзіне құрылатын, бірнеше сұрақтарға құрылатын, проблемалық
есеп [62, 214-219]; қысқа, кеңейтілген, төте, тақырыптық,
проблемалық есеп [48, 47]; ресми, талдамалы, тақырыптық есеп
[63, 10-11]. Қ.Тұрсын осы айтылғандарды жүйелей келе, теле-
дидарда есеп жанрының төмендегідей түрлерінің кездесетінін
көрсетеді: ресми, тіке, ақпараттық, тақырыптық, проблемалық,
талдамалы [58, 191].

    Репортаж жанры – баспасөз, радио, теледидарда қандай да
бір оқиға туралы, оған қатысушы не көзімен көрген тілшінің же-
дел түрдегі хабарламасы. Репортажда алғашқы орынға автордың
фактіні таңдау, құбылыс пен оқиғаны өзінің жеке қабылдауы
шығады.

           129

⇐ МАЗМҰНЫ
   124   125   126   127   128   129   130   131   132   133   134