Page 130 - index
P. 130

Телевизиялық репортажды зерттеушілер бұл жанрдың үш
түрін ұсынады: трансляция, «тікелей» хабар және проблемалық
репортаж [58,192]. С.Байменше репортаждың баспасөзде, радио
мен теледидардағы көріну нысаны тұрғысынан, кейде жоғарыда
аталғандардан басқа, ұжымдық репортаж, радиорепортаж, те-
лерепортаж, толғанысты репортаж деген сияқты үлгілерінің
кездесіп қалатынын көрсетеді, алайда «бұлар – репортаждың
түрлері емес, көріну нысаны мен берілу арнасы ғана»,– деген
тұжырым жасайды [63, 44].

    Қ.Тұрсын әрбір репортаждың өзінің түріне қарамастан сегіз
түрлі элементтен тұратынын көрсетеді: ресми баяндау, мы-
салы, театр директоры операға даярлық кезінде; дирижерден
алынған, қысқа сұхбат; журналистің режиссермен әңгімесі,
мұнда олардың әрбірі өз пікірлерін тең дәрежеде қорғай алады;
өткенді тарихи шолатын хронология, одан көрермендер жаңа
инсценировканың концепциясының қалай туғандығын біледі;
портреттен, тенордың сапарынан; қысқаша түсініктемеден, онда
репортер өзі байқаған жайлары туралы әңгімелейді; ескертулер,
мысалы, сценаның декорациясы туралы [58, 194].

    Ақпараттық және экспрессивтік тілдік құралдардың өзара
қатынасы репортаж жанрында анық көрінеді. Мұнда түрлі
шегіністер, кейіпкерлермен сұхбат, авторлық пікірлер және
т.б. бірлікте беріледі. Репортаждағы осы элементтер кейіпкер
мен ортаның хабарға қатысушылық эффектілігін туындатады.
Өз көрермендерімен тікелей байланыстағы автор не жүргізуші
олардың тек ақыл-ойын ғана емес, сонымен бір мезгілде көңіл-
күйін де жаулап алады. Бұл жанрдың ерекшелігі туралы белгілі
ғалым Г.Я.Солганик мынадай пікір білдіреді: «Наблюдения по-
казывают, что репортаж на наших глазах совершает движение
от информативности к синтетичности, становится одним из ве-
дущих газетных жанров, сочетающим в себе, с одной стороны,
строгую документальность, объективность, прокотольность ото-
бражения действительности, – это сближает его с информаци-
онными жанрами, – с другой стороны, живописность, эмоцио-
нальность, сочность и яркость изображения, что связано с самым
существенным качеством жанра, которое можно назвать репор-

           130

⇐ МАЗМҰНЫ
   125   126   127   128   129   130   131   132   133   134   135