Page 131 - index
P. 131

тажностью в собственном смысле слова» [64, 4]. Репортаждың

үлгісі:
    «Аядай ғана ауыл атақты Ақсу-Жабағылы қорығының

дәл іргесіне орналасыпты. Бұл жерге біз кештетіп келсек те,
қарақұрым халықтың үстінен шықтық. Араларында жастары
да, қарттары да бар.

    Оқушылар Шер-ағаң мен қонақтарды сыртта қаз-қатар
болып сапқа тұрып қарсы алды. Қазақы дәстүрге сай дәм-тұз
ұсынып, жыр шашуын шашты.

	 Бұл қазақ сан құзырдан күйік шеккен,
       Қырық ру қырандарды жиып шеттен.
       Шер-аға, Сіз ғанасыз бұл қазақта
       Жерлестік, жүз дертінен биік кеткен, –

деп басталатын жыр толғауы толастай берген тұста мек-
теп директоры Гүлбибі Ешенқұлова ханым Шер-ағаңа өзінің
атындағы мектеп аты берілген куәлік пен гүл дестелерін
ұсынып, қонақтарды ішке шақырды...». «Егемен Қазақстан»,
4.12.1997ж.

    Сұхбат – публицистиканың ақпараттық жанрларының бірі.
Әсіресе, ол – телеэкрандарда ерекше мәнге ие. Сұхбат жанры
негізінен сұрақ-жауапқа құрылатындықтан, кейбір мамандар
оны – түйіскен (контактный), адрестік, программалық және
экрандық деп бөліп жүр [58, 194].

    Сұхбаттың – есеп, заметка, репортаждан айырмашылығы –
оның екі адамның әңгімесіне, журналист пен кейіпкердің сұ­
рағы мен жауабына құрылатындығы. Сұхбат жүргізушілердің
мамандығына, интеллектуалды-танымдық деңгейіне, алынған
тақырыптың бағытына, сұхбаттың мақсаты мен көлеміне қарай
оның стилистикалық сипаты әртүрлі болады. Соған байла-
нысты сұхбаттың түрлері туралы да түрліше көзқарастарды
кездестіреміз. Проф. Т.Амандосов: «әңгіме, анкета, сұрақ-
жауап, «дөңгелек үстел басындағы әңгіме-сұхбат» деп, ал проф.
Т.Қожакеев: «хабарлама, түсіндірмелі, мазмұндама, суретте-
ме, сын, ресми-сұхбат»,– деп жіктесе, тағы бір белгілі ғалым,

           131

⇐ МАЗМҰНЫ
   126   127   128   129   130   131   132   133   134   135   136