Page 132 - index
P. 132

проф. М.Барманқұлов сұхбат берушінің сипатына қарай бұл
жанрды төрт шағын топқа: сұхбат-пікір, сұхбат-ақпарат, сұхбат-
эмоция, социологиялық сұхбат деп, ал сұхбат алушының си-
патына қарай: тікелей журналистің өзі алатын сұхбат және
оқырман, телекөрермен мен радио тыңдаушы алатын сұхбат
деп екі топқа бөледі. Зерттеуші Қ.Тұрсын публицистиканың ақ­
параттық жанрларының көрініс пен оқиғаны хабарлайтын, оған
түсіндірме жасайтын, әрі қоғамдағы өзекті мәселені көтеретін,
табиғаты жағынан деректі, құжатты болып келетін өзіндік си-
паттарымен бірлікте талдамалық қасиеттерін негізге ала оты-
рып, теледидардағы сұхбат жанрының төмендегідей түрлерін
көрсетеді:

    «Хабарлама сұхбат. Мұнда мақсат – белгілі бір мәліметтерді
алу («сұхбат-пікір», «сұхбат-факт»); әңгімелесушінің жауаб­ ы
рес­ ми мәлімдеме емес, сондықтан әңгіме қарапайым тонға жа­
қындау келеді. Ақпараттық-публицистика программа құрам­ ына
кіреді.

    Сұхбат-портретте – мақсат әңгімеге қатысушы тұлғаны бар­
лық қырынан жан-жақты ашу. Телевизиялық сұхбаттың ай­
рықша түрі. Мұнда айрықша маңыздылық әңгімеге қатысушы
бойындағы әлеуметтік-психологиялық, эмоционалдық характер-
ге беріледі. Кейде экрандық очерктің құрамды бір бөлшегі болып
шығады.

    Проблемалық сұхбат (әлде пікірталас). Мәселе мұнда про-
блеманы шешу жолдары әлде түрлі көзқарастарды айқындау
бағытында қойылады.

    Сұхбат-анкета – белгілі бір сұрақ төңірегінде түрлі адам­
дардың ол жайлы пікірлерін білу. Қатысушының бәріне бір
ғана тектес сұрақ қойылады. Сұхбат-анкета студиядан тыс жер-
де жүргізіледі. Сондықтан репортер адамдармен тез тіл табыса
біліп, алдына қойған мақсатына қалайда жетуге тиісті.

    Сұхбат-анкетада таңдалынған қоғамдық пікір объектісі үш
критерийге жауап беруге тиісті: 1) пікірталас түрінде (көт­ е­
рілген проблема жайлы түрлі көзқарастар тоғысады); 2) қо­
ғамдық пікір туғызу; 3) көпшіліктің хабардарлық дәрежесінде
болуы.

           132

⇐ МАЗМҰНЫ
   127   128   129   130   131   132   133   134   135   136   137