Page 133 - index
P. 133

Сұхбат-протоколда журналист сұрағы көпшілігінде алдын
ала келісілгеніменен, алайда композициялық жағынан олар
бір-бірімен ешқандай байланыста болмайды. Мұнда қайталап
сұрау, не нақтылау жоқ. Ресми тұлға тек ресми түрде ғана жауап
қайтарады. ...сұхбат-протоколда өзінің пікірін қоса білдіру – ең
үлкен қателік болып табылады» [58, 195].

    2.5.3 Публицистикалық стильдің тілдік ерекшеліктері.
Публицистиканың функционалдық, қоғамдық міндеті публи­
цистикалық стильдің лексика-фразеологиялық құрамын, оның
мағынасы мен экспрессивті-эмоционалдық сипатын анықтайды.

    Бұл стильдің лексикасында қоғамдық-саяси мәнді сөздер мен
терминдер ерекше орын алады: демократия, партия, мемлекет,
билік, билік тармақтары, жариялылық, сөз бостандығы, оппо-
зиция, т.б.

    Қоғамдық-саяси лексиканың құрамында бір жағынан, нақты
саяси ұғымдарды білдіретін, екінші жағынан экспрессивтік
бояул­ ы, бағалауыштық сипаттағы сөздер де кездеседі: патриот,
фашизм, терроризм, коррупция, т.б.

    ЕліміздіңТәуелсіздікалуы,оныңсаяси,мәдени,экономикалық,
идеологиялық жүйесінің түпкілікті өзгеруі саяси, идеология­
лық ұғымдардың мағыналарының, олардың бағалауыштық кон­
нотацияларының өзгеруіне соқтырды. Мысалы, лениншіл, комсо-
мол, атеист, коммунизм, пионер, социалистік қоғам, бесжылдық
сияқты көптеген сөздер қолданылу белсенділігін жоғалтса,
керісінше мәжіліс, маслихат, парламент, фермер, миллионер,
нарық, нарықтық қатынас, көппартиялылық, демократия, жеке
сауда, жекеменшік, нарықтық экономика, ұлттық мүдде, ұлттық
тәрбие, Тәуелсіздік, интернет желісі, электронды үкімет сияқты
бірқатар сөздер актив қолданысқа ие болды.

    Публицистикада қоғамдық-әлеуметтік өзекті мәселелер кең
талқыланатындықтан, публицистикалық мәтіндерде лексика­
ның сан алуан тақырыптық топтары кездеседі. Мәтіннің тілдік
құрылымында олар публицистикалық лексикамен де, ондағы
эмоционалды бояулы және бағалауыштық сөздермен де тығыз
байланыста жұмсалады.

    Кейбір ғалымдар орыс әдеби тілінің өзге де функционал­
дық варианттары сияқты публицистикалық стильде де жалпы

           133

⇐ МАЗМҰНЫ
   128   129   130   131   132   133   134   135   136   137   138