Page 134 - index
P. 134

әдеби (жалпылама қолданылатын немесе бейтарап-стилистика­
лық) лексиканың кең қолданылатынын көрсетеді: жыл, жаңа,
жұмыс, басқа, үлкен, адам, іс, уақыт, аймақ, күш, өмір, әрбір,
айту, жазу.

    Сондай-ақ, олар 1990 жылдардағы орыс әдеби тілінің пуб­
лицистикалық стилінде (негізінен газеттерде) төмендегі термин-
дер мен лексиканың белсенді қолданылатынын көрсетеді:

    – нарықтық қатынасқа бағытталған экономика саласындағы;
    – қаржылық-коммерциялық, кәсіпкерлік қызметтердегі;
    – ғылыми-техникалық және өндірістік-техникалық сала­
лардағы (әсіресе электронды технологиялар терминдерінің бел­
сен­ділігі байқалады);
    – шоу-бизнестің сөйлеу тілінде, спорт пен физикалық жат­
тығулардың жаңа түрлерінің аталымдары [65,120]. Бұл үрдістің
қазақ әдеби тілінің публицистикалық стиліне де тән құбылыс
екенін айтуға болады. Сонымен қатар, бұл кезде бұқаралық-
ақпарат құралдарында (газет, радио, теледидар, интернет) шетел
тілдерінен енген көптеген терминдердің белсенділігі байқалады:
приватизация, ваучер, девальвация, валюта, интервенция, бир-
жа, брокер, бюджет, бизнес, компьютер, принтер, интернет,
дисплей, модем, файл, картридж, дикета, диджей, компакт-
диск, хит, шлягер, плеер, фитнес, т.б. [65, 121].
    Публицистикалық лексика оқиғаларды, құбылыстарды,
ұғымдар мен жағдаяттарды бағалау мәнді сөздерді де қамтиды.
Автор олардың көмегімен баяндалатын оқиғалар мен әрекет-
терге өзінің (немесе өзі мүддесін қорғайтын топтың,
пар­тияның) қатынасын білдіреді. Олар: Отанды қорғау, ерлік,
тұрақтылық, рухани, жабайылық, вандализм, екіжүзділік, сол-
шыл, оңшыл, т.б.
    Публицистикалық стильде сөздердің метафоралық қолда­
нылуының әртүрлі тәсілдері де кездеседі. Ол сөздер, әдетте,
сөз тіркестерінің құрамында қолданылып, жалпылық мағына
мен эмоционалды бояуға ие болады. Мәселен, кеңестік кезең­
де бауырлас қалалар, қырғи-қабақ соғыс, халықтар достығы,
интерациональдық тәрбие, еңбек армиясы, бейбітшілік туы
астында, еңбекке ынталандыру сияқты тұрақты тіркестер
жиі қолданылса, қазіргі баспасөз беттерінен ғасыр індеті,

           134

⇐ МАЗМҰНЫ
   129   130   131   132   133   134   135   136   137   138   139