Page 18 - index
P. 18

Тіпті экспрессивті-стилистикалық сипаты жағынан бейтарап
сөйлемдердің өзі түрлі реңктерге ие болуы мүмкін.

    Стилистикалық бояулы құралдардың ішінен белгілі функцио-
налды стильдерде үнемі қолданылатын кейбір тілдік бірліктерді
көрсетуге болады. Мысалы: ресми-іскерлік стильдегі: тапсы-
рылсын, назарға алынсын, талап етілсін, таныстырылсын, сөгіс
берілсін, шара қолданылсын, т.б.; газеттік-публицистикалық
стильдегі: Отан, патриотизм, ұлтшылдық, жолдау, еңбек вахта-
сы, т.б.

    Стилистикалық бояу тілдік (тілдік бірліктерге тән) және
сөйлеу (речевая) (сөйлеу барысында, контексте туындайтын) бо-
лып бөлінеді. Сөйлеу бояуын қалыпты мағынасынан тыс, жаңа
мағынада (сөздердің ауыспалы мағыналары, бір морфологиялық
тұлғаның орнына басқа тұлғаны пайдалану, т.б.) қолданылған
бейтарап құралдар қабылдай алады.

    Стильдік сипат (стилевая черта) – бұл белгілі бір функционал-
ды стильдің ерекше-сапалық белгісі, оның айырым белгілерінің
бірі. Стильдің сапалық белгісін түрліше атайды: стильдік си-
пат (стилевая черта), стилистикалық сапа, сөйлеу стилінің
белгісі және т.б. Стильдерді сипаттау, әсіресе, оларды салысты-
ру барысында мынадай стильдік сипаттарды (стилевая черта)
қарама-қарсы қою жиі қолданылады: образсыздық (ол ресми,
ісқағаздар стиліне тән) – образдылық (көркем әдебиеттің айы-
рым белгілерінің бастысы); эмоционалдылық (публицистикалық
стиль) – эмоциясыздық немесе тиімділік (ғылыми стиль,
әсіресе, математика ғылымы); дәлдік – дәлсіздік, логикалылық –
логикасыздық, стандарттылық – даралық және т.б.

    Кейбір стильдік сипаттар бір емес, бірнеше (екі-үш) стиль-
ге ортақ болып келеді, алайда олардың әрқайсысы сол стиль-
дерде өзіндік ерекшелікке, өзіндік функционалды-стильдік
сапаға ие болады. Мысалы, дәлдік ауызекі сөйлеу стилінен
басқа стильдердің барлығына да тән. Бірақ, ресми-іскерлік құ­
жаттардың дәлдігі, математикалық баяндау дәлдігі, көркем бей-
нелеу дәлдігі біркелкі емес.

    Тіл білімінде көпке дейін жеке тілдік бірліктердің стилис­
тикалық мағынасы туралы айтылып келді. Олардың басым бөлігі

           18

⇐ МАЗМҰНЫ
   13   14   15   16   17   18   19   20   21   22   23