Page 135 - index
P. 135

жұмыссыздар армиясы, тоталитарлық сана, ұлттық элита сияқты
жоғары тонды, экспрессивті тіркестерді жиі байқаймыз.

    Газет тілінде экспрессивтік сөйлеу құралдарымен қатар
сөйлеудің стандартты құралдары да кездеседі. Мұндай тілдік
құралдардың қолданылуы автор үшін де, оқырман үшін де
қолайлы, өйткені дайын сөйлеу формалары жеңіл түсініліп,
коммуникацияны жеңілдетеді. Сөйлеу клишелері қолданылу
жиілігіне байланысты өздерінің бастапқы эмоционалды-экс­
прессивтік бояуы мен көркемдік бояуларын жоғалтып, газет
тілінде тұрақты қайталанып тұратын штамптарға айналады. Мы-
салы: ақ халатты абзал жандар, еңбек локомотиві, ұлағатты
ұстаз, ақ алтын, қара алтын, көгілдір отын, т.б.

    Сондай-ақ, газет тілінде ресми-іскерлік стильде жиі қол­
данылатын фразалық сөйлемшелер (шара қолдану, сенім білдіру)
де кездеседі. Қазіргі публицистикада оқиғалар мен фактілерді
баяндауда түрлі негізгі тірек сөздер мен оралымдардың тұтас
тізбегі қалыптасты. Мысалы: еңбек (еселі еңбек, еңбек биігі,
еңбек майталманы, еңбек көрігі, еңбек озаты), стандарт (білім
стандарты, сапа стандарты, ұлттық стандарт, өндірістік
стандарт), арена (халықаралық арена, күрес аренасы),
деңгей (үкімет басшыларының деңгейінде, ұлттық деңгейде,
халықаралық деңгейде), толқын (наразылық толқыны), барьер
(кедендік барьер, тілдік барьер), қызмет (тұрмыстық қызмет,
әлеуметтік қызмет). Бұл сөздер экспрессивтік бояуларға да ие
болуы мүмкін, алайда ұқсас, біртипті мәтіндерде қолданылатын
стандарттар болып табылады.

    Дегенмен, газет тіліндегі стандарттауға ұмтылу үрдісі га­
зеттегі экспрессивтілікті күшейтуге, басқа стильдердің, әсіресе,
ауызекі сөйлеу стилінің баяндауды жандандыратын сөздері мен
сөз тіркестерін пайдалануға кері әсерін тигізеді.

    Публицистикалық стиль саяси-идеологиялық, қоғамдық-эко­
номикалық, мәдени және осы сияқты т.б. қоғамдық қатын­ ас-
тарды жүзеге асырады. Ол басқа кітаби стильдерге қарағ­ анда,
әлдеқайда танымал, өйткені оның кең таралуына пресса, ра-
дио, теледидар, интернет сияқты бұқаралық ақпарат құрал­
дары мол мүмкіндік береді. Сондай-ақ, ол съездерде, пле-

           135

⇐ МАЗМҰНЫ
   130   131   132   133   134   135   136   137   138   139   140