Page 136 - index
P. 136

нумдарда, мәжілістер мен митингілерде сөйлеушілер мен
үгіт-насихатшылардың тілінде жиі кездеседі.

    Публицистика оқырмандарды, көрермендер мен тыңдарм­ ан­
дарды заманның ең өзекті де өткір мәселелерімен таныстыруды
мақсат етеді. Сондай-ақ, ол сендіру арқылы азаматтардың сана-
сына әсер етуге және белгілі бір қоғамдық пікір қалыптастыруға
ұмтылады. Публицистиканың бұл екі қызметі бір-бірімен өзара
тығыз байланысты және олар бірге жүзеге асырылады.

    Публицистикалық материалдардың мазмұны әрдайым ақпа­
рат беру мен бағалау қызметтерін қамтиды. Публицистикалық
стильдің қоғамдағы қызметін оның негізгі белгілері айқындай­
ды және олар публицистикалық стильдің жеке сипатын қалып­
тастырады. Олар: пәрменділік, жоғары эмоциональдылық, ха­
бар­ланған фактіге, құбылысқа, оқиғаға ашық бағалауыштық
қа­тынасы [2, 59].

    Публицистикада мәнерлегіштік пен бейнелегіш құралдарға
қажеттілік өте жоғары, алайда ол кез келген оқиғаларға шұғыл үн
қатуды қажет ететін газеттің талаптарына қарама-қайшы келеді.
Сол себепті, публицистикада, әсіресе, газеттік публицистикада
экспрессия жасау үшін негізінен типті тәсілдер қолданылады.
Мысалы, көпшілікке танымал дайын метафоралар, фразео­
логиялық тіркестер, т.б. Сөйлеу стандарттары, стереотиптердің
болуы публицистикалық стильдің ерекшелігі болып табылады.
Стандарттар – бейтарап-стилистикалық категория. Дайын сөйлеу
формалары және белгілі бір жағдаяттарға тікелей қатысты тілдік
бірлік ретінде, олар қатынасты едәуір жеңілдетеді, сондықтан
оларды бұқаралық ақпарат құралдарында қолдану өте тиімді
де ыңғайлы. Қоғамдық-саяси жағдаяттардың басым көпшілігі
қайталануымен, ұзақтығымен ерекшеленеді, бұл стереотиптік
оқиғаларды стереотиптік баяндаудың қажеттілігін тудырады.
Журналистің жұмыс ерекшелігі ақпараттарды жедел жеткізуді,
жылдам жазуды талап етеді. Ал қоғамда болып жатқан түрлі
оқиғалар мен құбылыстар туралы жылдам жазу тілдік стандарт-
тарсыз өте қиын.

    Тілдік стандарттар мәтінді үйреншікті қалыпта қабылдауға
мүмкіндік береді, сондықтан ол оқырманның өзіне қажетті

           136

⇐ МАЗМҰНЫ
   131   132   133   134   135   136   137   138   139   140   141