Page 137 - index
P. 137

ақпараттарды алуын жеңілдетеді және оны жылдам меңгеріп,
мағыналық бөліктерін толық түсінуге көмектеседі.

    Газеттік сөйлеу стандарттары, әсіресе, ықшам, шұғыл жазы-
латын жанрларда жиі қолданылады. Ол ресми хабарламаларды,
ақпараттарды, баспасөз шолуларын, мәжіліс пен конференция
туралы есептерді және т.б. қамтиды. Ал басқа жанрларда (очерк,
фельетон, памфлет, эссе, т.б.) сөйлеу стандарттары әлдеқайда аз
кездесіп, керісінше мәнерлеудің түрлі құралдары барынша мол
қолданылады.

    Экспрессия мен стандарттың бірлігі газет тілінің конс­
труктивті принципін құрайды [55, 73]. Сондай-ақ, ғалымның
пікірінше, осы қарама-қарсы бірліктердің кезектесіп келуі мен
олардың толық тепе-теңдігі газет жанрларының озық үлгілерін
қалыптастырады.

    Мәтінде авторлық «меннің» ашық, тура көрінуі публицис­
тикалық стильдің басты ерекшеліктерінің бірі. Көптеген пуб­
лицистикалық мәтіндерде хабарлау көбіне І жақтан, оқиғаға өзі
куә болған нақты тұлғаның атынан баяндалады. Тіпті, мәтін ІІІ
жақтан баяндалғанның өзінде, публицистикада автордың ойы,
оқиғалар мен фактілерге бағасы көрініп тұрады. Оның үстіне
публицистикалық мәтіннің авторы – жиынтық тұлға, ол – белгілі
бір әлеуметтік топтың өкілі, сол топтың ұстанымын білдіреді
[28, 37]. Сондықтан публицистикадағы бағалау жеке, дербес
көзқарастан ауытқып, көпшілік сипат алады.

    Автордың материалға тікелей «араласуы», өзі куә болған
оқиғаны бағалауы мен талдауы публицистикалық стильдің әсер­
лілігін арттыра түседі, автордың қызығушылығы оқырманға
(тыңдарман мен көрерменге) беріледі. Автор оқырманға әсер ету
мақсатында, публицистикалық мәтінде оқырманға үндеу, оппо-
ненттермен айтыстың элементтері, бұйрық беру сияқты форма-
ларды жиі қолданады.

    Мәтіннің әңгімелесушімен барынша жақындасуы оның әсер
ету қызметін күшейте түседі. Сондықтан да, публицистикалық
стильде авторды әңгімелесушісімен жақындастыра түсетін, яғни
баяндауды «сырласу» формасына айналдыра алатын түрлі тілдік
құралдар жиі қолданылады. Оларға үндеулер, қаратпа сөздер,
етістіктің бұйрық райлары, біз және сіздер есімдіктері, сұраулы
сөйлемдер, модаль сөздер мен демеуліктер, ауызекі-сөйлеу

                                              137

  ⇐ МАЗМҰНЫ
   132   133   134   135   136   137   138   139   140   141   142