Page 138 - index
P. 138

тілінің лексикасы, диалог элементтерін қамтитын монологтар,
т.б. жатады.

    Д.Э.Розенталь газет тілінің негізгі ерекшеліктері деп тө­
мендегі өлшемдерді көрсетеді: 1) тілдік құралдардың үнем­
ділігі, ақпараттық молдығына байланысты баяндаудың ықшам­
дылығы; 2) тілдік құралдарды түсініктілігіне қарай іріктеу
(газет – бұқаралық ақпараттың ең танымал түрі); 3) қоғамдық-
саяси лексика мен фразеологияны қолдану, басқа стильдік лек-
сикаларды (әсіресе, терминологиялық лексиканы) публицисти-
ка үшін қайта ұғыну; 4) осы стильге тән сөйлеу стереотиптері
мен клишелерді пайдалану; 5) жанрлық әртүрлілік және соған
байланысты тілдік құралдары стилистикалық қолданудың
әртүрлілігі: сөздің көпмағыналылығы, сөзжасамдық (авторлық
неологизмдер) ресурстар, эмоционалды-экспрессивті лексика;
6) публицистикалық стильдің белгілерінің басқа стильдің (ғы­
лыми, ресми-іскерлік, көркем әдебиет, ауызекі сөйлеу) бел­
гілерімен бірігуі; 7) тілдің бейнелегіш-мәнерлегіштік құрал­
дарын, соның ішінде, стилистикалық синтаксистік құралдарды
(рито­рикалық сұрақтар, лепті сөйлемдер, параллелизм, қай­
талаулар, инверсиялар және т.б.) қолдану [32, 97].

    Бұл көрсетілген ерекшеліктер газет жанрларының барлы­
ғында бірдей қолданыла бермейді және олардың кейбіреулері
тек публицистикалық стильге ғана емес, басқа стильдерге де тән
болып келеді. Лексикалық және грамматикалық құралдардың
тұрақты бір стильге ғана тән болуы – сирек кездесетін құбылыс.
Дегенмен, олардың белгілі бір стильде жиі қолданылуы, сөз­
дердің, сөз оралымдарының, сөйлем құрылымдарының белгілі
бір стильге бейімделуі сол стильдің ерекшелігін құрайды.

    Кейбір газеттік мақалалар ғылыми және публицистикалық
стильдерге жақын жазылады. Ондай материалдардың тақы­
рыбы, сөздерді қолданудағы дәлдігі, тілдік материалдарды
ұйымдастырудағы нормативтілігі, қазіргі ғылыми мәліметтер­
ге сүйенуі мақаланы ғылыми шығармаларға, ал проблеманы
қоғамдағы орны, маңыздылығы және ортаға әсері, белгілі бір
ғылыми идеялар мен нәтижелерді жүзеге асырудың әлеумет­
тік салдары мен психологиялық ықпалы тұрғысынан түсінді­
ру, оқиғаны қоғамдық-саяси лексиканы пайдалана отырып
баян­дау – публицистикаға жақындатады.

                                              138

  ⇐ МАЗМҰНЫ
   133   134   135   136   137   138   139   140   141   142   143