Page 139 - index
P. 139

Үшінші бөлім
           әдеби редакциялау

3.1 Редакциялау туралы жалпы түсінік және оның
                           міндеттері

    Әдеби редакциялау – бұл филологияның қолданбалы
пәнаралық салаларының бірі. Ол стилистиканы, оның негізгі
құрылымдық бөлімдерін, сондай-ақ сөйлеу мәдениетін, негізгі
сипаттамалық лингвистикалық пәндерді кәсіби тұрғыда мең­
геруді талап етеді. Әдеби редакциялау мәтінді, қолжазбаны ба-
рынша мақсатты, жүйелі ұйымдастыру мәселелерімен айналы-
сады.

    Әдеби редакциялау жеке пән ретінде редактордың қолжазбаны
өңдеуіне қатысты өзіндік тәсілдерді қалыптастырды. Олардың
бастылары:

    – редакциялау – мәтінді тексеру мен өңдеуді қамтитын тұтас
шығармашылық процесс.

    – әрбір мәтінді әдеби тұтастық ретінде тексеру мен өңдеу
[66,148].

    Редактордың өңдеуінен шыққан қолжазба ғылымилық, ха­
барланған ақпараттың фактілік сенімділігі, баяндалған тео­
рияның, болжамның немесе оқиға, құбылыс болжамының ақыл-
ойға қонымдылығы, авторлық баяндаудың логикалық жүйелілігі
сияқты талаптарға сай келуі тиіс.

    Кейбір авторлар қолжазбаны редакторлық өңдеу – мәтінді
стилистикалық өңдеуден тұратын әдеби рәсімдеу мен редак-
цияланатын мәтіннің композициялық құрылымын жасауды
қамт­­ итынын көрсетеді. Ал стилистикалық өңдеу мәтіндегі ор­
фографиялық және пунктуациялық қателерлі түзетумен ғана
шектелмейді, сонымен қатар онда төмендегідей талаптар орын-
далуы тиіс:

    1) мағыналық дәлдік пен сөз таңдаудың стилистикалық уәж­
ділігінен бастап жай және құрмалас сөйлемдің қолданылуына

           139

⇐ МАЗМҰНЫ
   134   135   136   137   138   139   140   141   142   143   144