Page 140 - index
P. 140

дейінгі тілдік бірліктердің стилистикасына қатысты негізгі ере­
желердің сақталуы;

    2) әдеби тілдің негізгі функционалды стильдерінің құры­
лымдық ерекшеліктеріне сай қалыптасқан стилистикалық норма­
лардың орындалуы:

    – әдеби тілдің белгілі бір функционалды стиліне тән баян­
даудың жалпы үндестігі;

    – басқа стильдік элементтердің қолданылуының уәжділігі;
    – сөйлемдерінің осы стиль түрінің талаптарына сай құрылуы;
    – лексика мен фразеологизмдерді қолданудың тәсілдері, ол
мәтіннің мақсаты мен стильдік ерекшелігіне барынша сәйкес
келуі тиіс;
    3) редакцияланатын мәтіннің функционалды-стильдік және
жанрлық ерекшелігіне негізделген талаптардың сақталуы [65,
18-19].
    Кез келген кітап редакциялау сатысынан өтеді. Редактордың
мақсаты – мәтінді жетілдіру мен жақсарту, онда кездесетін
барлық кемшіліктерді жою, сондықтан ол мәтінге әрдайым сын
көзбен қарайды.
    Авторлық түпнұсқаны редакциялау жұмысында қолжазбаның
алғашқы негізінде көзделген мақсат-нысананы, идеяны, айтпақ
ойды, оқырманның ой-өрісін, білім дәрежесін, мамандығының
қандай екенін, болашақ туындының қандай мәселе, проблемалық
тақырыпқа арналғанын, т.б. осындай жайларды мықтап ескеру
шарт.
    Сондай-ақ, редакциялау барысында өндіріске әзірленіп жат­
қан түпнұсқаның жалпы мазмұны мен идеялық-теориялық сапа­
сының одан әрі байытылып, айқындала түсуі, мазмұнының
тақырыбы шеңберіне сай заманауи ғылыми-техникалық жетіс­
тіктермен толықтырылуы, тіл-стилі жағынан ана тіліміздің қазіргі
әдеби-грамматикалық, орфография-пунктуациялық ережелеріне
лайық мейлінше жатық, мейлінше түсінікті болуы, екіұшты,
жаттанды-таптаурын сөз тіркестерінен әбден тазартылған болуы
міндетті нәрсе.
    Бірақ, редакциялау кезінде автордың ой-мақсатына, жазу
мәнеріне, айтып жеткізу әдісіне, тұтас алғанда, туындысының

           140

⇐ МАЗМҰНЫ
   135   136   137   138   139   140   141   142   143   144   145