Page 141 - index
P. 141

негізгі мазмұны мен идеясына, фактілеріне орынсыз қысқарту,
өңдеп-түзету жасау қиянат. Ондай өңдеу, қысқарту жұмыстары
мейлінше қажеттілік болса, ол онда міндетті түрде автордың
келісімімен жасалу тиіс.

    Бұқаралық коммуникация схемасы жалпы алғанда бірнеше
элементтерді қамтиды: автор – мәтін – оқырман (көрермен,
тың­дарман). Автор мен оқырманның қатынасы мәтін арқылы
жүргізіледі, егер мәтін белгіленген талаптарға сай келме-
се, онда қатынаста қиындық туындайды. Мысал үшін кейбір
жарнамалардың орысшасы мен қазақшасын салыстырып
көрейік: «Спать  можно со вкусом» – «Ұйықтасын дәммен
мүмкін» (Өскемен қ.), «Техника без помеха» – «Кедергісіз тех-
ника» (Тараз қ.), «И один в поле воин» (киноның аты) – «Тіпті
өрісте де жауынгер» (Алматы қ.), «Пусть улыбка сияет здоро-
вьем!» – «Күлкі денсаулықпен болса жарқырасын!», «Мне 18, я
голосую» – «Маған 18, мен сайлаймын» (Алматы қ.), т.б.

    Егер бұл мәтіндер оқырманға жеткенге дейін білікті ре­
дактордың қолынан өткен болса, олар оқырманның мысқыл
күлкісін туғызбас еді.

    Сөйлеу әрекетінде туындайтын кедергілерді мәтіннің ең
төменгі деңгейіне түсіру үшін, ақпараттылығы мен сенімд­ і­
лігін арттыру үшін, редакциялаудан өткізу міндетті. Комму­
никациядағы автор – мәтін – оқырман байланысындағы редак­
тордың орнын былай белгілеуге болады:

автор      мәтін     оқырман

           редактор

    Редактор автор мен оқырман арасында кәсіби байланыс­
тыру рөлін орындайды. Оның міндеті – мәтінді коммуника-
ция мақсатына, автордың ойына, оқырманның қабылдауына
сәйкес талдау, бағалау және жетілдіру. Материалды баспаға
дайындау барысында редактор бірнеше міндеттерді шешеді.

           141

⇐ МАЗМҰНЫ
   136   137   138   139   140   141   142   143   144   145   146