Page 142 - index
P. 142

Оның біріншісі – қолжазбаны мәтіннің өз мақсатына сәйкес­
тігі тұрғысынан бағалау: ол қаншалықты қызықты, мазмұнды,
оқырм­ анның қызығушылығын туғыза ала ма және оның ақпа­
раттық сұранысын қанағаттандыра ала ма, ол басқа бұқар­ алық
ақпарат құралдарында берілген ұқсас тақырыптардан несімен
өзгешеленеді, қандай жаңалық береді. Басқаша айтқанда
жұмыстың бірінші кезеңінде редактор қолжазбаны ұсынылған
күйінде басып шығару мүмкіндігін шешеді.

    Екінші міндеті (егер қолжазба қабылданған болса) – ре­
дакциялық дайындық кезеңінде мазмұндық құндылығы мен
мәтіннің кемшілігін анықтау, фактілердің дәлдігі мен сенімділігін
тексеру, қажетті нақтылау мен өзгерістерді енгізу.

    Үшінші міндеті – мәтіннің нағыз әдеби сапасын, яғни
формасының мазмұны мен мақсатына қаншалықты сәйкестігін
бағалау. Бұл логикалық, коммуникациялық, жанрлық, стилист­
икалық оның басқа да ерекшеліктерін қамтиды [65, 442].

    Материалдың (авторлық мәтіннің) қандай түрде – кітапта,
газетте, журналда немесе радио мен теледидарда жариялануы-
на байланысты, оны редакциялау түрлі тәсілдермен жүзеге асы-
рылады. Мысалға газет пен кітап баспасындағы редактордың
жұмыстарын салыстырып көрелік. Егер кітап баспасында кітап
шығару процесі едәуір ұзақ мерзімді қамтиды да, соған орай
оның редакторы материалды бірнеше мәрте қайта қарап, оған
қосымша өзгерістер енгізу мүмкіндігіне ие бола алса, ал га-
зет қызметкерінің мұндай мүмкіндігі жоқ. Газеттегі оқиға мен
оқырманға жақындық, оқиғаларды жедел жариялау мен жұмыс
істеу техникасы редакциялауға басқаша сипат береді.

    Баспа редакторы қолжазбаны кітапқа айналдырудың бүкіл
күрделі процесін, заманауи полиграфиялық техникалардың
негізін, кітап шығару ісінің экономикасын, баспа өнімдерін
рәсімдеудің көркемдік-техникалық принциптерін білуі тиіс.
Сондай-ақ редактор өз ана тілінің әдеби нормаларын жетік
білетін және оның даму үрдістерін түсінетін, тілдік құралдардың
бар байлығын тиімді пайдалана алатын, мүлтіксіз сауатты
қызметкер болуы тиіс. Ол – авторға өз шығармасын айқын,
көпшілік оқырман қауымына қолжетімді етуге көмектесуші

           142

⇐ МАЗМҰНЫ
   137   138   139   140   141   142   143   144   145   146   147