Page 143 - index
P. 143

тұлға. Алайда, редактор мәтінге қажетсіз түзетулерді енгізуге
үйір болмау керек. Редактор жұмысының сапасы авторлық
қолжазбаға енгізілген түзетулер мен өзгертулердің санымен
бағаланбайтынын естен шығармаған дұрыс.

    Редактор автордан артық маман бола алмайды, алайда ол –
материалдың мазмұнын бағалай білуге, шығармада не туралы
айтылатыны туралы түсінігі мен осы тақырып бойынша негізгі
анықтамалық әдебиеттермен таныстығы болуға және оларды
тиімді қолдана білуге міндетті. Ол әрбір сөзді таразылай білуге
және автор стилінің жетістіктері мен кемшіліктерін анықтап
қана қоймай, олардың себептерін көрсете алуға тиіс. Баспа ісінде
– редактор – ең күрделі, көпқырлы және қызық мамандықтардың
бірі. Ол – автордың бірінші көмекшісі, бірінші оқырманы, бірінші
сыншысы, кітаптың тағдырын белгілеуші. Кейде редактордың
жұмысына қарап, тұтас баспаның жұмысын бағалап та жатады.

    Қолжазбаны баспаға дайындауға газетте жауапты хатшы
мен әдеби қызметкер, кітап немесе журнал баспасында бөлім
меңгерушісі мен әдеби қызметкер қатысады да, олар бірінші
кезекте баспаға кететін қолжазбаның сапасына жауап береді.
Редакциялаудың соңғы мақсаты – мәтінді жетілдіру, онда
кездесетін кемшіліктерді жою.

     Редактордың негізгі міндеті – шығарманың мазмұны мен
формасын жетілдіру. Қолжазбаның мазмұнымен жұмыс істеу –
саяси немесе ғылыми редакциялау, ал оның формасымен (компо-
зициясы, тілі, стилі) жұмыс істеу – әдеби редакциялау деп атала-
ды. Қолжазбамен жұмыс істеудің бұл екі қыры бір-бірімен тығыз
байланысты. Мәтінді саяси, ғылыми және әдеби редакциялау –
тұтас шығармашылық процесс.

3.2 Мәтінді редакторлық сараптаудан өткізудің негіздері.
    Редактор мен автор: кәсіби қатынастың негіздері.
                        Өзін-өзі редакциялау

    Редактордың автормен жұмыс істеуі көптеген психологиялық
және этикалық күрделі проблемалармен байланысты. Редактор
мәтіннің сапасын бақылаушы кәсіби маман ретінде мәтіннің

           143

⇐ МАЗМҰНЫ
   138   139   140   141   142   143   144   145   146   147   148