Page 144 - index
P. 144

авторлық нұсқасына араласып, өзгерістер енгізуге құқылы.
Алай­да, осы жерде «оның араласуы қалай жүзеге асырылады?» –
деген алғашқы сұрақ туындайды.

    Ең дұрысы – редактор мен автордың мәтін туралы ой
туындағаннан бастап басылымға жіберілгенше келісе отырып
жұмыс істегені. Автор мен редактор мәтіннің тұжырымдамасын:
оның тақырыбы мен проблемасын, мағыналық басымдығының
дәлдігін, тұжырымдары мен нәтижелерін талқылайды, оның
әдеби формасын бағалайды. Редактор түзетудің нұсқаларын
ұсынады, ал автор редактор ескертпелерінің негізділігіне қарай
өзгерістерді өзі енгізеді. Алайда, бұқаралық коммуникация бары-
сында редактордың өзіне мәтінді басылымға дайындауына жиі
тура келеді. Бұл жағдай оған қосымша жауапкершілік жүктеп,
кәсіби дайындықты талап етеді. Қандай жағдайда да автор
мәтіннің түзетілген нұсқасымен оны жариялауға дейін танысып
шығуға тиіс. Бұл – кәсіби этиканың міндетті талабы. Өкінішке
орай, жұмыс барысында көбінесе бұл талап орындалмай қалады
да, оның соңы редактор мен автор арасындағы түрлі шиеленіске,
тіпті кейде сот қарауына әкеліп соқтырып жатады.

    Редактор мәтінмен жұмыс істеу барысында өзін автордың
орнына қойып, оның логикасын, тақырыпқа деген көзқарасын
материалдық проблемаларын, стильдің даралық ерекшеліктерін
түсінуге тиіс, содан кейін ғана түзету нұсқаларын ұсына алады.
Авторлық түпнұсқаның мазмұнына жете мән бермеу, оның сти-
листикасын тиісті деңгейде түсіне білуге қабілетінің жетпеуі,
дәлелсіз, субъективті ескертпелер мен түзетулер – шығарманың
мағынасы мен формасын бұрмалауға жасалған алғашқы қадам
және ол өзара шиеленіс үшін негізгі себеп болып табылады. Ре-
дактор ұсынған түзетулер авторлық мәтіннің мазмұнына, ком-
позициясы мен стиліне толық сәйкес келіп, оны ажарланды-
рып, нәрлендіріп тұруы тиіс. Олай болмаған жағдайда редактор
енгізген түзетулер мәнсіз болып шығады. Автор мен редактордың
нұсқалары, мазмұны, стилі, құрылымы жағынан бірдей деңгейде
болса, онда басымдық автор нұсқасына беріледі. Сондай-ақ,
түзетудің қажеттілігін сауатты негіздей білу керек, олай болмаған
жағдайда редактордың автормен тіл табысуы өте қиын болады.

           144

⇐ МАЗМҰНЫ
   139   140   141   142   143   144   145   146   147   148   149