Page 19 - index
P. 19

синонимиялық қатынасқа түсіп, өз қолданылу саласында өзін­
дік стилистикалық бояуымен ерекшеленетін стилистикалық си-
нонимдер тобын құрайды. Ондай синонимдік қатарлар, әсіресе,
лексикада кең таралған. Мысалы, ауру, сырқат, науқас деген
синонимдік қатарды салыстырып көріңіз. Ауру сөзі ауызекі
сөйлеу тілінің элементі болса, науқас сөзі медициналық термин
ретінде көбірек қолданылады, ал сырқат сөзі негізінен көркем
әдебиет стиліне тән. Мұндай стилистикалық бояуды қойшы
(ауызекі сөйлеу стилі) мен шопан (көркем әдебиет, публицисти-
ка) синонимдік қатарынан да анық көруге және оған тілімізден
көптеген мысалдар келтіруге болады. Сондай-ақ, стилистикалық
синонимдерді синтаксистік құрылымдардан да кездестіреміз.
Мысалы: Науқас өте нашар; Науқас өзін нашар сезінеді; Нау­
қастың жағдайы нашарлауда. Әртүрлі стилистикалық форма-
лардан құралып, бір ғана мазмұнды білдіретін бұл қатарлар
өзіндік парадигма құрайды. Сөйлеушіге таңдау құқын ұсына­
тын синонимиялық қатарлар тілдік құралдардың мағыналық-
стильдік мүмкіндіктерін толық ашады. Стилистика үшін тілдік
құралдардың жекелеген мағыналары ғана емес, сонымен қатар
олардың белгілі желілік байланыста (синтагматикалық) көрінетін
мағыналары да маңызды.

    Әдеби тіл стильдері – қоғамның белгілі бір сатысында қол­
данып, тарихи қалыптасқан тілдік құралдар жүйесі. Проф.
Б.Шалабай әдеби тілдің нормаларына тән белгілер ретінде жү­
йел­ ілік, реттілік, баршаға міндеттілік, функционалды-стильдік
жікт­ елісті көрсетеді [14, 31]. Осы тұрғыдан әдеби норманы функ-
ционалды стиль нормаларының біріккен жүйесі деп қарасақ,
стилистикалық норманы әдеби норманың функционалды стиль-
ге қатысты көрінісі деуге болады. Осыған орай, әдеби норманы
жалпы норма және жеке, функционалды-стилистикалық норма
деп екіге бөледі. Жалпы норма тұтастай әдеби тілге тән, тілдік
деңгейлердің барлық қабатын тұтастай қамтиды. Жеке норма
стилистикалық бояуға ие тілдік құралдарды қамтиды [14, 31].
Стилистикалық норма тіліміздегі барлық стильдерде бірдей бола
бермейді, бір стильге норма болып табылатын өлшем, екінші
стильге мүлдем сәйкес келмейді. Мәселен, ресми-іскерлік стиль-

           19

⇐ МАЗМҰНЫ
   14   15   16   17   18   19   20   21   22   23   24