Page 145 - index
P. 145

Егер автордың нұсқасы баяндаудың немесе ойды жеткізудің
қалыптасқан нормадан тыс формалармен берілсе, оны жалпыға
белгілі үлгілерге салып түзетуге асығудың қажеті жоқ, өйткені
баяндаудың дәл осы тәсілі, ойдың ішкі қатпарларын жеткізудің
тиімді тәсілі болып шығуы мүмкін.

    Авторды кәсіби маман ретінде түсіну, нақтылайтын сұрақ­
тарды дәл қоя білу, бір қарағанда оңай әрекеттер сияқты
көрінеді. Алайда бұл – өте күрделі процесс. Кейде мәтіннің өзі
оны түрліше түсінуге итермелейді (бұл, әсіресе, сөздерді дұрыс
немесе дәлдікпен қолданбағанда анық көрінеді) және автор
мен редактордың әртүрлі өмір тәжірибесі, өмірлік ұстанымы
мен көзқарасының ерекшеліктері бір мәтінді әртүрлі мағынада
түсінуге, бір жағдайды әртүрлі көруге (бағалауға) соқтырады.

    Курметтi Ректор мырза! Екiншi мамандыкты (сырттай
болiм) грант есебiнде окуга болады ма?......

    Құрметті Асел!
    Екінші жоғары білімді сырттай және мемлекеттік грант-
та оқи алмайсыз.
    Бұл сөйлемнен біз екінші жоғары білімді сырттай оқуға бол-
майды деген жауап алып отырмыз, алайда бұл оқу орнында екінші
жоғары білімді сырттай (қашықтан оқыту арқылы) алуға бола-
ды, мұндағы жауаптың мазмұны: екінші жоғары білімді сырттай
оқуға мемлекеттік гранттың бөлінбегендігі туралы. Сөйлемнің
дұрыс құрылмауына байланысты, бұл жауапты оқыған адам
екінші жоғары білімді сырттай оқуға мүлдем болмайды екен деп
түсінеді.
    NOMAD көлікті сақтандыру компаниясының жарнамасына
назар аударайық:
    Полис сатып алда, қосымша сыйлық ал (Купи полис и получи
подарок).
    Бұл сөйлемдегі да шылауының дұрыс жазылмауына байла­
нысты, жарнама мәтіні мүлдем басқа мағынаны білдіріп тұр. Мә­
тін мазмұны «полисті алдап сатып, қосымша сыйлыққа ие бол»
деген екінші мағынаға итермелейді. Немесе «Әйімкүл Шоңның
жанды жері – өмір бойы айнымаған асыл жары» деген себептес
салалас сөйлемді талдап көрейік. Бұл салалас сөйлемнің екінші

           145

⇐ МАЗМҰНЫ
   140   141   142   143   144   145   146   147   148   149   150