Page 146 - index
P. 146

жай сөйлемі іс-әрекеттің себебін, алдыңғысы сол себептен туған
нәтиже, салдарды білдіріп тұр (сал. «Әйімкүл Шоңның жанды
жері, өйткені өмір бойы айнымаған асыл жары»). «Қазақ тілінің
түсіндірме сөздігінде» (-Алматы: Дайк-Пресс, 2008) «жанды
жер» деген сөзге төмендегідей түсініктеме берілген: а) талма
жер; ә) ар-ұятқа, намысқа тиетін, көңілге келетін сөз (454-бет).
Демек, Шоңның әйелі оның ар-ұятқа, намысқа тиетін, көңілге
келетін, талма тұсы болса, онда әйелінің «өмір бойы айнымаған
асыл жар» болғаны күмәнді болып шығады. Соған орай, «жанды
жер» тіркесі екіұшты, тіпті, комикалық мағына беріп тұр. Бірақ
мақала комика тудыру мақсатында емес, Шоң бидің ұлағатты
істерін көрсету үшін жазылған. Автордың осылай «жанды жер»
тұрақты сөз тіркесінің мағынасын және тілдік бірліктердің өзара
әсерін есепке алмағаны қосмәнділіктің туындауына негіз болған.
Тағы да бір мысал: Қанат күшін көрсеткісі келгендей шіреніп
қалып еді, тақымында келе жатқан көк шолақ бес атары жанды
жерін ауыртып кетті (Ә.Әбішев). Мұндағы көк шолақ сөзінің бір
қарағанда Қанаттың астындағы аты екені немесе бес атарының
анықтауышы екені белгісіз. Сондай-ақ, «Егемен Қазақстанның»
2011 жылдың 16 ақпанындағы санында «Йеменнің астанасы Сана
қаласында манифестанттардың полициямен және ел президенті
Абдолла Салехтың жақтастарымен қақтығыстар қайта жалғас­
ты. 3 мың қаралы наразылар ел астанасындағы басты алаңға
келіп, президенттің отставкаға кетуін талап етті» деген ақпарат
жарияланған. Осындағы «қаралы» сөзінің болжалды сан есімді
немесе қайғылы деген мағынаны білдіріп тұрғаны белгісіз.

    Сондай-ақ, авторлық тұжырым да, өз кезегінде, баспагер
мен тапсырыс берушінің мақсаты мен саясатын, ең бастысы
бұқ­ аралық ақпарат құралдары қызметінің кәсіби нормаларын
ес­керуі тиіс. Заң жүзінде олар бұқаралық ақпараттар туралы,
жарнама туралы, авторлық құқық туралы заңдармен, азаматтық
кодекспен, өркениетті елдердің көпшілігінде қабылданған кәсіби-
этикалық ережелердің жиынтығымен реттеледі. Мысалы, БАҚ
мен саяси нормаларда мемлекеттік және коммерциялық құпия
болып табылатын мәліметтерді басуға, жала жабуға, яғни жеке
адамның ар-намысына тиетін ақпараттарды жариялауға болмай-

           146

⇐ МАЗМҰНЫ
   141   142   143   144   145   146   147   148   149   150   151