Page 147 - index
P. 147

ды, баяндаудың қорлау тәсіліне жол берілмейді. Тұтынушының

жарнамаларда тауардың сапасы туралы күмәнді мәліметтерді
жариялауға, оның құндылығын арттыруға, бәсекелестердің бе­
делін төмендетуге жол берілмейді.

    Автор мен редактордың өзара қатынасында «Редактор мәтінге
қаншалықты өзгеріс енгізе алады?» дейтін маңызды сұрақ ту-
ындайды. Бұған қысқаша жауап та дайын: редактор автор емес,
тек оның көмекшісі, редактор мәтіннің мазмұны мен формасын,
автордың стилі мен тұжырымы шегінен шықпай жетілдіреді.
Автордың ойын бұрмалауға және тек өзіндік әуестігі негізінде
стильді өзгертуге болмайды. Яғни, редактордың ескертпелері
мен түзетулері автордың ұстанымын ескерген және объективті
болуы тиіс.

    Автор белгілі тақырыпты жазуды жоспарлаған кезде редак­
тордың оған өз идеясын, өз пайымын, талабын, тұжырымын
жүктеп, қысым жасауы жөн емес. Бұл арада редактордың
жәрдемші, кеңесші рөлін атқарғаны жөн. Жазу тәжірибесі аз
жас автор редактордың ықпалынан шыға алмай, жалтақтап,
ойлағанын толық жүзеге асыра алмайды. Сөйтіп, сайып келген-
де, қолжазба бәрібір сапасыз болып шығады.

    Редактордың авторға дәйекті көмек көрсеткісі келсе, онда сол
автордың шығармасымен мұқият танысып, оның иесіне өз идея­
сын өрістете түсуге және соны мазмұнды, жүйелі, құнды етіп
жеткізуге көмек беруі тиіс. Ол үшін, ең алдымен, редактордың
өзі саяси-идеялық сауатты, жан-жақты танымдық білімді ма-
ман қаламгер болуы шарт. Оның ғылым мен техниканың, халық
шаруашылығының, мәдениеттің, мемлекеттік саясаттың даму
бағыттарымен толық хабардар болғаны жөн. Редактор – өмірдегі
жаңа құбылыстарды, жаңалықтарды, өзгерістерді көріп-біліп,
қадағалап жүретін адам болуы тиіс.

    Мәтінді кәсіби талдай білу дағдысы өзін-өзі редакция-
лау барысында да (мәтінін жетілдіру) өте пайдалы. Мұнда да
нұсқаларды бағалаудың төмендегідей өлшемдері қолданылады:
әдеби формасының материалдың тақырыбына, мақсаты мен

адресатына сәйкес келуі.

    Автор үшін ең күрделісі – мәтіннің тақырыбына қатысты

өзіне белгілі барлық мәліметтерді мүлдем назарға алмау. Шын

           147

⇐ МАЗМҰНЫ
   142   143   144   145   146   147   148   149   150   151   152