Page 148 - index
P. 148

мәнінде, ол жазғанынан көп біледі және жағдайдың нақтылығын
мәтінде көрсетілгеннен басқаша көреді. Автордың тақырыппен
дәл осы таныстығы оған материалдың мазмұнындағы проблема-
ларды байқауға, оқырманға негізсіз немесе қатыссыз болып та-
былатын мәліметтерді көре білуге кедергі жасайды.

    Өзін-өзі редакциялауға кіріспес бұрын мәтінді белгілі бір
уақытқа дейін тығып тастау керек, оны редакторлардың тілінде
«суытып алу» (дать отлежаться) деп атайды. Автор мәтіннен біраз
уақыт шеттеп, өз мәтінін редактор мен оқырман көзқарасымен
қабылдау қасиетіне ие болу мүмкіндігін алады.

    Шеттеудің бірнеше деңгейлері бар: біріншісі – шеттеудің ең
төменгі деңгейі. Соның өзінде автор «суытылған» қолжазбаны
қайта қолға алғанда, оған басқаша қарайтын болады. Өзін-өзі
редакциялау осы кезеңде жүзеге асырылады. Мұнда автордың
материалдан қашықтауы тым шартты түрде ғана болғандықтан,
жұмыстың сәттілігі мәтінді бағалау мен түзетудің кәсіби
шеберлігіне тікелей байланысты болады.

    Шеттеудің екінші деңгейі – қолжазбамен редактормен бірлесе
жұмыс жасау және ең жоғарғысы – оны жариялау. Бұл кезеңде
автор да мәтінді мүлдем басқаша көзбен көреді, алайда, өкінішке
орай, оған ешқандай өзгеріс енгізе алмайды. Сондықтан, өкініп
қалмау үшін, автор дайындық кезеңнің өзінде мәтіннің формасы
мен мазмұнының түпкі ой мен ойдағы мұратқа барынша сәйкес
келуіне ерекше тырысуы керек. Бұл мақсатқа қол жеткізудің
жолы біреу ғана: мәтінді кәсіби шеберлікпен талдап, түзете білу
дағдысын үнемі дамыту.

    Редактор – баспасөз орындарына авторлар қауымынан түсетін
қолжазбаны қабылдап, редакциялап шығаратын, оны жариялауды
басқаратын жетекші. Газет пен журналда оны жауапты редактор
немесе бас редактор деп атайды. Кітап баспасында редактордың
атқаратын жұмысы сәл басқарақ ұйымдастырылады. Мұнда
қолжазбаны автордан тікелей қабылдап, танысып көріп, оны-
мен нақты редакциялық жұмысты жүргізуші – жетекші редак-
тор. Әр шығарманың өзінің жеке редакторы, ұйымдастырушы­
сы болады. Оның қолынан өтіп, редакцияланған, компьютерде
теріліп, өндіріске ұсынылған түпнұсқаны редакция меңгерушісі

           148

⇐ МАЗМҰНЫ
   143   144   145   146   147   148   149   150   151   152   153