Page 149 - index
P. 149

оқып бекітуге тиіс, ал онан соң бұл шығарманың сол нұсқасы
баспаның бас редакциясында, қажет делінген жағдайда – Редак­
торлық кеңесте қаралып талқыланады. Жауапты делінген кейбір
қолжазбаны баспаның директоры да оқып көруі ықтимал.

    Редактор – баспа мен газеттегі негізгі тұлға, шығармашылық
күш. Ол – автор мен оқырман қауым арасындағы байланыс,
қатынасқа дәнекерші. Мұны ол қоғамдық міндеті – баспасөз
майданындағы қызметі арқылы жүзеге асырып отырады.

    Редактор авторға қолжазбасын жарыққа шығаруға шығар­
машылық көмек көрсеткенде соңғыға шығарма жазып беру-
ге міндетті емес. Сондай-ақ, оның баспаға, редакцияға қабыл­
данған жұмысты автормен келіспей, өзінше қайта жазуға да
қақысы жоқ. Ол тек қолтуманың идеялық-саяси, ғылыми, ұйым­
дастырушылық, үйлестірушілік мазмұнды тәрбиелік сапасын,
тіл-стильдік мәнін, жұмыстың құрылымын және басқа да қыр­
ларын жетілдіруші, қырнап ұстаралаушы, ретке келтіруші.

    Бастапқы қолжазба туындыны сапаландыра түсудің қа­
лыптасқан бір әдісі – оған рецензия жасату. Баспаға түскен
қолжазбаның бәріне бірдей рецензия жасала бермейді. Авторлық
түпнұсқаны рецензия жасауға берудегі басты мақсат – басп­ а
үшін нақ осы жұмыс жөнінде тұжырымды, дұрыс, толық тү­
сінік алу, автордың қолтумасының мазмұн-сапасын жақсарта
түсуіне айтарлықтай көмек көрсету, сол арқылы түпнұсқаны іске
асырудың жолын табу.

    Қолжазбаны – авторлық түпнұсқаны өндіріске жіберуге
даярлаудың бастапқы ең шешуші кезеңі – редакциялық жұмыс
процесі. Бұл жұмыс процесінде қолжазба негізінен мынадай үш
сатылы жұмыс процесінен өтеді:

    1) саяси тұрғыдан редакциялау;
    2) ғылыми-техникалық прогресс тұрғысынан редакциялау;
    3) әдеби-стилистикалық тұрғыдан редакциялау.
    Қолжазбаны саяси тұрғыдан редакциялау дегеніміз – жарық
көретін шығарманың саяси-идеялық мазмұн сапасын көтеруге
байланысты жүргізілетін өңдеу-түзету, жетілдіру жұмыстары.

    Қолжазбаның шығармашылық мазмұндық сапасын көтеретін

екінші шешуші шарт – оны ғылыми-техникалық тұрғысынан ре-

           149

⇐ МАЗМҰНЫ
   144   145   146   147   148   149   150   151   152   153   154