Page 150 - index
P. 150

дакциялау. Автордың өзі шығарма жазып отырған саладағы ғылым
мен техниканың соңғы жетістіктерін білмеуі, аңғармауы мүмкін
емес. Алайда, еңбегін асығыс, үстіртін дайындаудың салдарынан
немесе салақтықтан кейде қолтумаға ескіріп кеткен материалдар
мен фактілердің, ойлардың, түйіндердің, т.б. келтірілуі мүмкін.
Біздің заманымызда ғылыми-техникалық прогрестің қарыштап
алға басып отырғандығы сондай, кейде оларды дер кезінде толық
қамту да қиын. Дегенмен, шығарылатын басылымда ғылыми-
техникалық прогресс жетістіктерін кезінде қамтып көрсетуге
өте ыждаһатты болу керек. Жарық көрмекші жаңа туындының
бұл қырын редакциялаудың барысында күшейте түсу үшін ре-
дакциялау ісіне арнайы ғалымдардың, түрлі мамандардың нақты
көмегі керек болады. Ғылыми-техникалық прогресс тұрғысынан
редакциялау барысында кәсіби мамандармен тереңірек кеңесу,
ақылдасу міндет.

    Жарық көретін туындыны өндіріске сапалы етіп дайындаудың
үшінші басты шарты – сол қолтуманы әдеби-стилистикалық
өңдеуден өткізіп, мұқият редакциялап шығару жұмысы.
Редакциялық жұмыстың ең ауыр, ең жауапты, ең көлемді түрі
– осы процесс. Қолжазбаның тілін, стилін түзету, жақсарту, ре-
дакциялау ісі редактордың ана тілі мен оның стилистикалық,
грамматикалық, дыбыстық, орфографиялық, пунктуациялық
заңдылықтарын жетік білуін талап етеді. Қолтуманың тілін,
стилін грамматикалық, орфография-пунктуациялық ережелер-
ге сай келтіру, сөйлемнің, сөз тіркесінің халыққа, оқырманға
неғұрлым түсінікті, ұғымды, анық болуын қамтамасыз ету, тіл
мен стильде ұзақ, шұбалаңқы, түсініксіз, т.т. тіркестер болдыр-
мау, олардың оралымды, мейлінше жатық, майда, әсерлі болу
жағын қарастыру, әдетте, редактордан, автордан тіл мен стильге
шығармашылық зейін салуды талап етеді. Азат жолдан бастай
білу, тыныс белгілерінің орнын таба білу – өнер, оған үлкен білім
мен шеберлік керек.

    Ескертетін жай, саяси, ғылыми-техникалық және әдеби-сти­
листикалық редакциялау жұмыстары бірімен-бірі өзара байланы-
сып, қабысып жатқан біртұтас шығармашылық процесс екендігі.

           150

⇐ МАЗМҰНЫ
   145   146   147   148   149   150   151   152   153   154   155