Page 151 - index
P. 151

Мұндай күрделі істі атқарған шақта оларды бір-бірінен жіктеп
алып оқшаулата қарамау керек. Олар тұтасқан, біте қайнасқан
шығармашылық еңбектің жемісті игілігі және сондай тұтас
шығармашылық еңбек бірлігі, басқа сөзбен айтқанда, ғылыми-
техникалық редакциялау жұмысы қайта қолтуманың ғылыми-
техникалық мазмұнын анықтай түсетін, күшейтетін әдеби-
стилистикалық өңдеу ісімен ұштастырыла жүргізілуі шарт.
Әдеби-стилистикалық өңдеу жұмысы шығарманың ғылыми-
саяси құндылығын арттыра түсуі тиіс.

3.3 Редактор мен оқырман: аудиторияның мәтінді
                       қабылдауын болжау

    Коммуникация процесінде редактор оқырмандарымен тіке-
лей байланыспайды, алайда ол оқырманның ақпараттық қаж­ етті­
лігін, мүддесін, білім деңгейін, мәтінді қабылдауының психо­
логиялық ерекшеліктерін көре білуі тиіс. Олай болм­ аған жағдайда
олардың мәтінді қалай түсінетінін, қалай қабылдайтынын,
мәтіннің аудиторияның назарын өзіне қанша­лықты аударып, оны
қаншалықты ұстап тұра алатынын болжау мүмкін емес.

    Редактор – материалдың алғашқы оқырманы. Тәжірибелі
редакторлар мәтінді өз қабылдауының негізінде-ақ мәтінді бір
оқығаннан-ақ түсінуге болатынын немесе оның мәнін түсіну
үшін қаншалықты еңбектену керектігін, яғни қайта оқу бары-
сында мәтінді толық оқу керек пе, әлде оның кейбір бөліктеріне
ғана көз жүгірту керек пе – деген мәселелерді алдын ала
тұжырымд­ ай алады. Алайда, қарапайым оқырманға қарағанда,
редактор оқырманның сөз шығармашылығына реакциясын
болжай отырып, ол жазбаша немесе ауызша хабарламаның ең
маңызды психологиялық ерекшеліктерін және ақпараттың шығу
көзінің сенімділігін саналы түрде көре білуі тиіс.

    БАҚ, жарнамалар мен паблик рилейшнз мәтіндері үшін
мәтінді алғашқы қабылдау факторы аса маңызды болып табы-
лады. Сондай-ақ, онда материалдарды тұтас қабылдау мен оның
жекелеген фрагменттерін қабылдау да ерекше маңызды (оның ең

           151

⇐ МАЗМҰНЫ
   146   147   148   149   150   151   152   153   154   155   156