Page 152 - index
P. 152

кіші бөлшегі мағыналық және стилистикалық элемент ретінде
қолданылатын сөз болып табылады).

    Тілімізде белгілі бір ұғымның бірнеше сөзбен аталатын орай-
лары бар: жазушы – қаламгер, суреткер, егінші – диқан; мұғалім,
оқытушы – ұстаз, т.б. Бұл – әдеби тілдің стильдік айырым жігін
даралай түсетін белгілер. Олай дейтініміз – сөздердің қолданылу
аясы, жұмсалу орны осындай мәндес сөздер арқылы сарала-
на түседі. Жазушы, мұғалім, оқытушы сөздері әдеби тілдің
барлық тармақтарына (стильдеріне) тән бейтарап сөздер болса,
қаламгер, суреткер, ұстаз публицистика, көркем әдебиет стиліне
тән мазмұны көтеріңкі қолданыстар. Мысалы, ресми стильде
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі деп айтуға болатыны
белгілі де, осы ұғымды Қазақстан Қаламгерлер одағының мүшесі
деп қолдану лайықсыз болар еді [67, 28].

    Бұқаралық ақпарат құралдары тәжірибелі редакторларының
айтуынша: «егер мәтін алғашқы оқығаннан ең болмаса бір
адамға түсініксіз болса, онда ол көптеген оқырманға түсініксіз
болады». Мұндай «бір» адам көбінесе оны жариялауға дайын-
дайтын редактор болып шығады, сондықтан оның кәсіби міндеті
– мәтіннің түсініксіз болу себебін анықтау. Ал себептер әртүрлі
болуы мүмкін: мағыналық, яғни тақырыптың анықсыздығы,
автор ойының шатасуы, стилистикалық, яғни баяндау тәсілі
автордың ойына кіріп-шықпаған ассоциацияларды ұсынып, оның
тұжырымдарын басқаша түсінуге итермелейді. Мысалы, Тыныш
жүре алмайтын мұғалім – деген тақырыпты оқығанда сізде қандай
ассоциация пайда болады? Осы сұрақ қойылған студенттердің ба-
сым көпшілігі «арызқой, әр нәрсеге ұрынып жүретін жағымсыз
мұғалім» деп жауап берді. Ал мақала, шынында, Қаскелең
ауданындағы бір мектептің тыным таппайтын ізденгіш, тәрбие
сағаттарын өткізу үшін Халық Қаһарманы С.Нұрмағамбетовты,
т.б. көрнекті қоғам, мемлекет қайраткерлерін оқушылармен кез-
десуге шақырып жүретін жағымды мұғалімі туралы жазылған.

    Тақырыптың анықсыздығына қатысты «Егемен Қазақст­ ан­
ның» 2010 жылдың 13 шілдесіндегі нөмірінде жарияланған
«Бәрекелді, Бейбіт!» деген шағын мақалаға назар аударайық:

           152

⇐ МАЗМҰНЫ
   147   148   149   150   151   152   153   154   155   156   157