Page 153 - index
P. 153

БӘРЕКЕЛДІ, БЕЙБІТ!

    «Халқымызда «Ала қойды бөле қырыққан жүнге жарымайды» деген
мәтел бар. Оның мазмұны бүгінгі қозғап отырған әңгімемізге дөп кел-
гендей. «Егеменнің» Батыс Қазақстан облыс­ ындағы меншікті тілшісі
Темір Құсайын «Ешкі сүтіне де елеп қарайық» деген тақырыппен
көкейде жүрген ділгір мәселені қозғап отыр. Мал шаруашылығымен
етене араласып өскен ауыл баласымыз. Халқымыз ешкі малын қойдан
бөле-жара қарамаған. Қазақ ұғымында қой мен ешкі қатар айтылып,
әспеттеліп келген. Керек десеңіз, кедей болсаң ешкі бақ деп нақтылай
ескертіп те өтеді. Қазірде ауылда еңбек ететін шаруаның ешкі малын
елемей келе жатқанын көзіміз көріп жүр. Біз балалық шағын көрмеген
кешегі алапат соғыс кезінің ұрпағымыз. Иә, сол сұрапыл жылдарда
менің шешем тауда колхоз малын бақты. Ал мен өзім болсам ауылда
Сұлухан деген апаның қолында өстім. Үйде жесір әйелдің жалғыз қызы
Айман, жағал ешкі және мен, үшеуміз ғанамыз. Таңдайға басар түйір
жоқ, талғажау ететін тамақ жоқ. Бір күні жаңағы жағал ешкі лақтады.
Жалғыз емес, егіз лақ. Айман екеуміз қуанып қалдық, аузымыз аққа
тиді. Сұлухан ана ешкінің сүтіне талқан шылап, көже жасап беретін
болды. Қуанышта шек жоқ. Көктемде мал жаппай төлдеді де, аузымыз
аққа тиді. Сол жағал ешкінің тәтті сүтінің дәмі әлі күнге дейін ауыздан
кетпейді. Кейінірек шаруашылықтарда ангор ешкісін өсіру көбейді.
Өте өсімтал мал. Жібек жүні, түбіті қолғап, байпақ тоқуға қандай әдемі,
жып-жылы. Тіпті, сол ешкінің жүнін сатып алмақ болып бір қиырдағы
Кавказдан келген тұтынушыларды да көргеніміз бар. Кейінірек, неге
екені белгісіз, сол ангор ешкінің тұқымы азайып кетті.

    Телехабардан Францияда ешкі малы көптеп өсірілетінін көргенім
бар. Тіпті ешкі сүтінен ірімшіктің 70 түрі өндіріледі. Сыртқа тауар
ретінде де саудалайды екен. Демек, пайдалы болғаны ғой. Ал бізде ше?
Неге ұмыттық? Осы шаруаны қолға алып отырған кәсіпкер, атомшы
Берік бауырыма жол болсын деймін. Шаруаны дөңгелентіп, пайдалы
кәсіпке айналдыратынына сенімдімін. Ауылдағы ағайындар біз де
ойланайық».

    Көріп отырғанымыздай мұнда Бейбіт деген есім мүлде жоқ. Олай
болса, бұл мақаланың неге бұлай аталғаны түсініксіз. Бұл жердегі

           153

⇐ МАЗМҰНЫ
   148   149   150   151   152   153   154   155   156   157   158