Page 154 - index
P. 154

Бейбіт пен Берікті ауыстырып алған автор болуы да мүмкін, алайда,

редактор осындай сәйкессіздіктерге ерекше назар аударуы тиіс еді.
Тіпті мақаланы «Бәрекелді, Бейбіт» деп атағанның өзінде де, біздің
ойымызша, ол мақала мазмұнына толық сәйкес келмейді. Осындай
сәйкессіздікті «Жас Алаш» газетінде жарияланған «Бізге Сегізбаев
сияқты арлы кадрлар керек!» деген мақаладан (22 шілде 2008) да
көреміз. Мұнда да дәл осы жағдай қайталанған:

Бізге Сегізбаев сияқты арлы кадрлар керек!

    Еңбек ардагері мен Ұлы Отан соғысының ардагері екеуміз бірігіп
жазып отырмыз бұл хатты.

    ҚР Мәжіліс депутаты Сәт Тоқпақбаевтың ҚР Бас прокуро-
ры Р.Түсіпбековтің, ҚР Ішкі істер министрі Б.Мұхамеджановтың,
ҚР Экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлықпен күрес
агенттігінің төрағасы С.Қалмырзаевтың атына жолдаған депутаттық
сауалын оқып шығып (Әлімбек Серғазиев. «Тұз сасыса не себеміз?»
«Жас Алаш» газеті, 11 шілде, 2008 жыл), дәл қазіргі күні осы мәселеге
ерекше назар аудару керек деп шештік.

    Құқық қорғайтын органдарының қызметкерлері бұрындары
қылмыс дүниесінің өкілдерімен байланыс жасауға бара алмайтын.
Барм­ ақ тұрмақ, бұл жөнінде ойланбайтын да. Ал енді бүгінгі күні
құқық қорғау органдарының кейбір қызметкерлерінің қылм­ ыскер­
лермен байланыс жасауы, олармен ымы-жымы бір екені жаныңды
түр­шіктіреді. Қойды қасқырға бақтыруға бола ма? Болмайды, әрине.
Бұл да дәл сол сияқты шаруа ғой. «Тигрохауд» ЖШС-ының атқарушы
директоры Саят Есімхановтың жанына інісін ертіп, бұларға тағы
үш бұзақыны қосып алып, осы фирманың қауіпсіздік қызметінің
бастығы А.Шәуеновтың көзін жою үшін оған 6 жерден пышақ сұғады.
Ғажайыптан тай­ ып әупіріммен аман қалған А.Шәуенов бұларды сотқа
береді. Өзіне пышақ кімнің сұққанын түгел дәлелдеп, нақты деректер-
мен айғақтап айтып береді. Бірақ, құқық қорғау орындары ешбір шара
қолданбайды. Өйткені, Саят Есімханов құқық қорғау органдарының
кейбір қызметкерлерімен жақсы таныс.

    Бұл оқиға қай жылы болған дейсіз ғой? 2006 жылы. Міне, содан
бермен қарай Саят Есімханов та, оның жанына ерген бұзақылар да
емін-еркін бостандықта жүр. Бұл қалай?

           154

⇐ МАЗМҰНЫ
   149   150   151   152   153   154   155   156   157   158   159