Page 20 - index
P. 20

ге стандарттық, құжатқа тән қатаң үлгілер норма болса, бұл
өлшемдер көркем әдебиет стилі үшін еш қиыспайды. Стиль –
белгілі бір қатынас түрінде тілдік бірліктерді сұрыптап пайда-
лану арқылы, ойды жеткізу мәнерінің көрінісі. Сөйлеу стилі –
адамдардың бір-бірімен күнделікті қатынасында пайдаланыла-
тын, коммуникативтік функциясы басым стиль түрі болып табы-
лады.

    Тілдік норма тілдің ішкі заңды жүйелері негізінде дамып
қалыптасады, солар сұрыпталған, ұтымды орайында, жалпыға
бірдей ортақ түрінде жұмсалады. Қорыта келгенде, тілдік норма
дегеніміз – тілдегі бірізділік, тіл материалдарын нормалау деген
сөз, белгілі бір тәртіп, заңдылыққа бағындыру.

    Соңғы жылдары лингвистика ғылымында коннотация ұғы­
мы жиі қолданылып жүр. М. Н. Кожина коннотация терминінің
«стилистикалық мағына», «стилистикалық бояу» ұғымдарына
қарағанда жалпы және олардың барлығын жинақтап атайтынын
көрсетеді [27]. Бұл пікір қазақ тіл білімінің зерттеушілерінен де
қолдау тауып отыр. Д. Әлкебаева стилистикалық коннотацияға
– «заттық-логикалық, грамматикалық мағыналарға қосымша
жұмсалынатын экспрессивтік және стилистикалық қасиеттер,
ол – стилистикалық коннотацияның көрінісі», – деп анықтама
бере келе, стилистикалық коннотацияның бойынан табыла­т­ ын
қасиеттерді көрсететін стилистикалық бояу, стилистикалық
норма, стилистикалық мағына, стилистикалық тапсырма де-
ген атаулардың қолданылуын заңды құбылыс ретінде таниды.
Стилистикалық мағынаға айрықша экспрессивтік бояуға ие бо-
латын тілдік бірліктердің қатарын жатқызады.

    Коммуникативтік тапсырманы орындау іс-әрекетінде тіл-
дегі көркемдік сипатты ашатын тілдік амал-тәсілдер стилис­
тикалық мағына болып есептелінеді. Стилистикалық мағына
стил­­ истикалық тапсырманы орындауға жұмсау үшін алдын
ала ойластырылған немесе жоспарланған адресаттың көр­
кемдеп сөйлеуі, адресаттың қабылдауына күшті әсер туғызады.
Осы тұрғыдан келгенде, Д.Әлкебаева стилистикалық мағына,
стилистикалық тапсырма мен стилистикалық әсерді конно­
тацияның негізгі арқауы болатын үш аспекті ретінде көрсете

           20

⇐ МАЗМҰНЫ
   15   16   17   18   19   20   21   22   23   24   25