Page 155 - index
P. 155

Өзінің депутаттық сауалында Сәт Тоқпақбаев: «Саят Есімх­ ановты
ұстау және оны жазаға тарту жөнінде әлі тиісті шара қолға алынған
жоқ» депті. Шынында да, неге қолға алынбайды? Депутаттың сау-
алынан кейін де мұның қолға алынбауы мүмкін бе? Мүмкін сияқты.
Өйткені, Саят Есімхановты екі жылдан бері қорғап, қолдап жүргендер
оны қолдамасына, қорғамасына кім кепіл?

    Егер біздің тірлігіміз осы бетімен кете беретін болса, онда
қоғамымыз мүлде былығады, былғанады. «Ештен кеш жақсы» деген,
кеш те болса жазаға лайық адамдарды жазалауымыз керек. Жазаға тар-
туымыз керек.

    Біз милиция полковнигі Ж.Сегізбаев дегенді білуші едік. 1972
жылы өз баласына ара түспеді ғой. Баласы қоғамдық орында төбелес
шығарып, бір жігіттің басын жарған ғой. «Егер мен өз балама ара
түсетін болсам, онда мені ешкім де сыйламайтын болады. Қолымен
істеді ме, мойнымен көтерсін!» деді ғой Ж.Сегізбаев. Сол Сегізбаевтың
баласы екі жылға сотталып кете барды...

    Міне, құқық қорғау саласында осы Сегізбаев сияқты прин­ципшіл,
таза, арлы адамдарды көбейтуіміз керек.

    Бұл мақаланың да тақырыбы оның мазмұнын толық аша ал-
май тұр.

    Бұқаралық коммуникация жағдайында аудиторияның сөз
шығармашылығын психологиялық қабылдауының тағы бір
коммуникативтік ерекшелігі – оның мәтінмен таныстығының
міндеттелмеуі. Сондықтан да көпшілік БАҚ материалдарымен
көбінесе іс арасында, яғни – жұмыстан қайтып келе жатқан жол-
да, тамақтану үстінде, теледидар қарай отырып газет беттеріне
көз жүгірту арқылы және т.б. үстірт жағдайларда танысады да,
өзіне қажет емес артық, қызықсыз мәліметтерді бірден лақтырып
тастайды, ал қызық жерлерін көз жүгіртіп қана оқиды. Сондықтан
да редактор мәтінді талдау барысында әлеуетті оқырман ретінде
осы жағдайларды ескеруі тиіс. Нақтырақ айтқанда редактор
мәтіннің мағыналық қырларының дұрыс қойылуына, оқырман
назарын аудара алуына, баяндау тәсілінің оқырмандардың қы­
зығушылығын арттырып, эмоциясына әсер етуіне, баяндалған
оқиғаларға олардың қатысуы мен жанашырлық сезімін оя-
туына ерекше көңіл бөлуге тиіс. Бұған редактордың тілдік
стилистикалық қорын терең білуі зор мүмкіндік береді.

           155

⇐ МАЗМҰНЫ
   150   151   152   153   154   155   156   157   158   159   160