Page 21 - index
P. 21

отырып, «қазіргі лингвистикалық әдебиеттерде стилистикалық
мағына термині стилистикалық бояу терминімен синонимдес, ол
жалпы стилистикалық коннотация деп те алына береді», – деген
тұжырым жасайды [15,30-32].

    Сөз, морфологиялық форма, синтаксистік құрылым сияқты
т.б. тілдік бірліктер сөйлеу барысында қосымша функционалды-
стилистикалық мағынада қолданылады. Бұл тілдік бірліктер
функционалды-стилистикалық мағынадан басқа қосымша экс­
пресс­ ивті-эмоционалды мағынаға да ие бола алады. Оның бо­
йынан сөйлеушінің бағалауын, хабарламаның мазмұнын, сондай-
ақ, тыңдаушының назарын аударуға тырысуды көруге де болады.
Сөздердің экспрессивті-эмоционалды мағынасы жақсы таныс.
Мәселен, тілімізде кішірейту, еркелету, менсінбеушілік, ұнату,
сүйсіну сияқты т.б. мағыналық реңктерді білдіретін лексикалық
бірліктер жеткілікті екені белгілі. Стилистикалық мағынаның
екі басты типі болып табылатын функционалды-стилистикалық
мағына мен экспрессивті-эмоционалды мағына бір-бірімен өте
тығыз байланысты бола тұра, бір-бірінен мүлдем бөлек ұғымдар.

    Функционалды-стилистикалық мағына функционалды шек-­
теулі қолданыстағы тілдік бірліктерге тән. Мұндай тілдік бір­
ліктер өз қолданылу саласында жоғары мәнерлі-экспрессивті
мәнге ие бола алмайды. Бұған ресми-іскерлік стильдегі жарлыққа
сәйкес, қаулы бойынша, еңбек тәртібіне сәйкес, т.б. стандарт-
ты формаларды, ғылыми стильдегі терминдер мен жайылма
есімді тіркестерді, ауызекі сөйлеу стиліндегі кең қолданыстағы
«өзіндік» лексикалар мен ерекше синтаксистік құрылымдарды
жатқызамыз.

    Экспрессивті-эмоционалды бояуы бар тілдік құралдарды
айтушының дербестігі көрінетін, сөйлеу белгілі тыңдаушы мен
әңгімелесушіге ашық бағытталған кез келген жерден көруге бола-
ды. Сөйлеудің қызметі ресми-іскерлік стиль мен ғылыми стиль-
дегі сияқты хабарлауға бағытталған тілдік сфераларда экспрес-
сивті құралдар сирек, тек хабарламадағы негізгі жағдайларды
ерекшелеу, көңіл аудару мақсатында ғана қолданылады. Сөйлеу-
дің мақсаты тек хабарлаумен шектелмей, публицистика мен
көркем әдебиеттегі сияқты ықпал етуге бағытталғанда, олардың

           21

⇐ МАЗМҰНЫ
   16   17   18   19   20   21   22   23   24   25   26