Page 22 - index
P. 22

рөлі ерекше арта түседі. Дегенмен, экспрессивті құралдардың
әңгімелесушілер арасындағы тікелей тілдік қатынаста көрінетін
ауызекі сөйлеу стилінде өте кең қолданылуы табиғи заңдылық.

1.3 Фонетиканың стилистикалық қызметі

    Функционалды стильдерді жіктеу сөйлеудің ауызша және
жазбаша формаларымен тікелей қатысты. Функционалды стиль-
дер мен сөйлеу формалары – бір-бірімен тығыз байланысты,
ұштасып жатқан, алайда әртүрлі ұғымдар. Расында да, функ-
ционалды стильдер мен сөйлеу формалары арасында жақын
ұқсастықтар бар: біріншіден, екеуі де қатынас саласына тәуелді
болғандықтан, стилистикалық категориялар болып табылады;
екіншіден, стильдер мен сөйлеу формалары араласып жатады:
стильдің басым бөлігі жазбаша формада берілсе, ауызекі сөйлеу
стилі – ауызша формада беріледі. Алайда, функционалды стиль-
дер мен сөйлеу формалары басқа да әртүрлі негіздерге сүйеніп
айқындалады: ең алдымен, ол қоғамдық қызметтің түрі мен та-
ным формасы, екіншіден, сөйлеу актісінің жағдайы.

    Сөйлеудің ауызша формасы жазбаша формасынан екі негіз-
гі өлшеммен ажыратылады. Бірінші ерекшелік – қатынастың
материалдық құралдарында. Ауызша сөйлеу – үнді, айтыла-
тын сөйлеу, ол дыбыстар арқылы жүзеге асырылады; жазба-
ша сөйлеу – жазылатын, ғаріппен бекітілген форма, ол әріптер
арқылы беріледі. Ауызша сөйлеуде интонация ерекше мәнге ие
болады, сөйлем мағынасының құбылысы, оның тоналдылығы
мен эмоционалдық бояуы интонацияға бағынышты болады. Бір
фразаның интонация арқылы қарама-қарсы екі мағына беруі
мүмкін. Бұл туралы Бернард Шоу өзінің таңдамалы пьесаларына
жазған алғы сөзінде тамаша айтқан: «Есть пятьдесят способов
сказать слово «да» и пятьдесят способов сказать слово «нет», а
для того, чтобы написать эти слова, есть только один способ».

    Жазбаша сөйлеуде интонация тікелей көрінбейді. Ол сөй­
лемнің құрылымы, сөздердің орын тәртібі, тыныс белгілері, лек-
сика арқылы беріледі, дегенмен оны дәл түсіну әрдайым мүмкін
бола бермейді де, ол жанды және мәнерлі сипатынан айырыла-

           22

⇐ МАЗМҰНЫ
   17   18   19   20   21   22   23   24   25   26   27