Page 23 - index
P. 23

ды. Ауызша сөйлеуде интонация ой мен сезімнің нәзік реңктерін
жеткізе алады: «Вся сложность, тонкость, все разнообразие
чувств, внутренних переживаний, намерений и настроений име-
ет свое внешнее выражение в интонациях человеческого голоса»
[16,72].

    Ауызша сөйлеудің жазбаша сөйлеуден екінші айырмашы-
лығы қабылдаудың түрлі мүмкіндіктеріне байланысты көрінеді.
Жазбаша мәтінді түсіну үшін оны бірнеше мәрте оқып шығуға
болады, ал ауызша мәтін айтылу барысында бірден қабыл-
данылуы тиіс. Бұл – ауызша сөйлеудің заңы. Тіпті, кейін қайта
тыңдау үшін магнитофон таспасына жазып алу да бұл заңды жоя
алмайды.

    Ауызша сөйлеудің қолданылу аясы өте кең. Ол тек тұрмыс-
тық қатынаспен шектелмейді, үгіт-насихаттық (ақпараттар,
сұхбаттар, лекциялар және т.б.), ресми-өндірістік (нұсқаулар,
тапсырмалар, мәлімдемелер, есептер, міндеттемелер, т.б.),
қоғамдық (есептік мәліметтер, жарыссөздер, т.б.), ғылым (ба-
яндамалар, сөз сөйлеулер), оқу (лекциялар, түсіндірулер, жау-
аптар, т.б.), театр мен эстрада (спектакльдер, оқулар), мәдени-
танымдық және ойын-сауықтық салаларда да жиі қолданылады.
Ауызша сөйлеу формасы, әсіресе, радио мен теледидарда жан-
жақты көрінеді. Бұлар ауызша сөйлеудің қолданылу аясына
емес, одан жоғары тұратын категория, өйткені олар жоғарыда
аталған салалардың көпшілігін бірден қамтиды. Радио мен
телевидениенің арқасында: «...не только перегнала письменную
по возможностям фактического распространения, но и приобре-
ла перед ней преимущество – моментальность...передачи инфор-
мации...» [17,5-8].

    Тіл дыбыстарының стилистикалық ресурстарын қарасты-
руды үш бағытта жүргізуге болады: 1) дыбыстау стилі;
2) дыбыстардың стилистикалық қызметі; 3) дыбыстық сим-
волизм және дыбыстың поэтикалық қызметі. Сондай-ақ,
Л.Г.Барлас дыбыстаудың үш негізгі стилін де көрсетеді: жоғары,
бейтараптық, ауызекі сөйлеу [18, 185]. Бұл функционалды-сөйлеу
тұрғысынан емес, тілдің фонетикалық парадигматикасына бай-
ланысты тілдік жіктеу болып табылады. Сахна тілі бұл стильдер-

           23

⇐ МАЗМҰНЫ
   18   19   20   21   22   23   24   25   26   27   28