Page 24 - index
P. 24

ге қарағанда ерекше, өйткені театр дыбыстау нормаларына қат­ аң
қарайды, тарихи қалыптасқан нормаларды бекем ұстайды жә­
не сөйлеушілердің тікелей қоғамдық практикасында дыбыстау­
дың біртіндеп қалыптасатын жаңалықтарын қабылдамайды.
Р. И. Аванесов бейтараптық стильді екі түрге бөлгенді дұрыс
санайды: қатаң, бұл – толық нормаланған стиль және жартылай
нормаланған еркін стиль [19, 21].

    Көркем әдебиетте ерекше стильдік бояуға ие болатын тіл­
дік бірліктердің бірі – дыбыстар. Әдеби шығармада дыбыс­
тар қайталанып келуі арқылы түрлі стилистикалық бояулар,
эмоционалды-экспрессивтік реңктер, бағалауыштық мәндер жа-
сауда жиі қолданылады.

    Дыбыстық қайталамалардың өнімді қолданылатын жері –
поэзиялық шығармалар. Қарасөз шеберлеріне қарағанда ақын­
дар өз шығармаларында дыбыстың көркемдік мүмкіншілігін
барынша пайдаланады. Әдетте, поэтикалық мәтіндегі дыбыстар
стильдік қызмет атқарып, көркемдегіш құралға айналуы үшін
олар белгілі дәрежеде қайталанып қолданылуы шарт. Дыбыстың
қайталануы сөзге әсерін тигізіп, соның нәтижесінде олардың
арасында тығыз байланыс орнайды. Дыбыстық қайталаманың
негізгі стильдік мақсаты мәтіннің жағымды естілуімен ғана
шектелмейді. Поэтикалық мәтіннің ұқсас дыбыстар арқылы
берілуі оның эмоционалды бояуын әрлендіріп, өлең өрімінің
мәнерлілігін де арттыру қызметін атқарады.

    Дыбыстық қайталамаларды қарастырған еңбектердің басым
көпшілігі оларды поэзиялық шығармалар тіліне тән тәсіл ретін­
де алады. Алайда, дыбыстардың қайталануы көркем прозада
да, публицистикада да бар. Әрине, олардың қолданылу жиілігін
өлең өрімімен салыстыруға болмайды. Дыбыстық қайталама­
ның озық үлгілерін қазақ ертегілерінен, шешендік сөздерден,
мақал-мәтелдерден, қазіргі қазақ прозасының аға буын өкілдері
Ә. Кекілбаев, М. Мағауин, Ә. Тарази, Д. Исабеков, О. Бөкей және
т.б. жазушылардың шығармаларынан көптеп кездестіре ала-
мыз. Мұның өзі дыбыстық қайталаманың жанрлық сипатының
шектеусіз екендігін және олардың қазақ қарасөзінде де толық
орныққан тәсіл екендігін растайды.

           24

⇐ МАЗМҰНЫ
   19   20   21   22   23   24   25   26   27   28   29