Page 25 - index
P. 25

Тіл білімінде дыбыстық қайталамалар ассонанс, аллитерация,
дыбыстық анафора, ұйқас, ырғақ, консонанс, ішкі ұйқас сияқты
бірнеше түрлерге бөлінеді де, көркем шығармаларда, әсіресе,
поэзияда жиі қолданылады. Енді солардың бір-екеуіне тоқтала
кетсек. Дыбыстық қайталамалардың көпшілікке танымал түрі
– аллитерация мен ассонанс. Аллитерация өлең жолдарының
бірдей дауыссыз дыбыстармен қайталанып басталуы болса,
ассонанс – бірыңғай дауысты дыбыстармен қайталанып баста-
луы. Өлең ырғақ арқылы жасалып, аллитерация мен ассонанс
арқылы әшекейленіп, бейнелі түрге енеді. Өлеңнің музыкалық
шығармадай құлаққа жағымды естілуі оның мәтіндегі дыбыстық
қайталаманың осы түрлерімен тығыз байланысты.

    Аллитерация мен ассонанс дыбыстық қайталамалардың басқа
да түрлері секілді поэзиялық мәтіндерде еркін қолданылып, осы
жанрдағы көркемдік әдіс ретінде кеңінен таралған. Олар тұрмыс-
салт жырларында, батырлар жырында, ХV-ХVІІ ғасыр ақын-
жыраулары поэзиясында, одан кейінгі дәуірдегі ақындардың
өлеңдерінде, әсіресе, Абай мен оның дәстүрін жалғастырушы
ақындар шығармаларында кеңінен қолданыс тапқан. Мысалы:

                      Самородный сары алтын,

                      Саудасыз берсең алмайды,

                      Саудыраған жезіне.

                      Саудырсыз сары қамқаны,

                      Садаға кеткір сұрайды,

                      Самарқанның бөзіне.

                      Кеселді түйін шешілсе

                      Кердең мойын кесілсе,

                      Келмей кетпес кезіне (Абай).

                      Қара басқан, қаңғыған,

                      Қас надан нені ұға алсын?

                      Көкірегінде оты бар

                      Құлағын ойлы ер салсын (Абай).

    Немесе:

                      Атаны бала аңдиды, ағаны – іні,

                      Ит қорлық немене екен сүйткен күні?

                      Арын сатқан мал үшін антұрғанның

           25

⇐ МАЗМҰНЫ
   20   21   22   23   24   25   26   27   28   29   30