Page 26 - index
P. 26

Айтқан сөзі құрысын, шыққан үні.
           Алыс, жақын қазақтың бәрі қаңғып,
           Аямай бірін-бірі жүр ғой аңдып (Абай).

    Кейбір өлең шумақтарында дауысты немес дауыссыз дыбыс­
тар тіркес күйінде абсолют позицияда қайталанып келетін кезі
болады. Бұл қолданысты дыбыстық анафора деп атайды [20,17].

    Дыбыстық анафораның озық үлгілерін Абай өлеңдерінен мо-
лынан кездестіруге болады. Мысалы:

                     Сені жақсы көрмесе,
                     Сенер ме еді сөзіңе? (Абай).
                       Ақ тамақ, қызыл жүз
                       Қарағым, бетіңді аш!
                       Қара көз, имек қас,
                       Қараса жан тоймас (Абай).
                       Жайнаған туың жығылмай,
                       Жасқанып жаудан тығылмай,
                       Жасаулы жаудан бұрылмай,
                       Жау жүрек жомарт құбылмай,
                       Жақсы өмірің бұзылмай,
                       Жас қуатың тозылмай,
                       Жалын жүрек суынбай,
                       Жан біткеннен түңілмей,
                       Жағалай жайлау дәулетің –
                       Жасыл шөбі қуармай,
                       Жарқырап жатқан өзенің –
                       Жайдақ тартып суалмай,
                       Жайдары жүзің жабылмай,
                       Жайдақтап қашып сабылмай,
                       Жан біткенге жалынбай,
                       Жақсы өліпсің, япырмай (Абай).

    Бұл өлең жолдарында сен, қара, жа дыбыстар тіркесімін
түрлі стильдік бояулармен шебер қиюластырылған.

    Дыбыстық эпифора – сөйлемнің әсерлілігін күшейту үшін
белгілі бір сөз, сөз тіркесі жол (тармақ) аяғында қайталанады.
Мысалы:

           26

⇐ МАЗМҰНЫ
   21   22   23   24   25   26   27   28   29   30   31