Page 27 - index
P. 27

Мұнар да, мұнар, мұнар күн
                       Бұлттан шыққан шұбар күн.
                       Буыршын мұзға тайған күн,
                       Бура атанға шөккен күн.
                       Бұлықсып жүрген ерлерден
                       Бұрынғы бақыт тайған күн, –

деген өлең жолдарында Махамбет қайталаудың анафора мен
эпифора түрлерін бір-бірімен шебер қиюластырып, айтар ойына
оқырман (тыңдарман) көңілін еріксіз аудартып тұр.

    Поэтикалық мәтінде ұқсас дыбыстардың бірдей позицияда
қайталанып берілуі олардың семантизациялануына себепші бола-
ды. Оны фоностилистикада паронимиялық аттракция деп атайды.
Паронимиялық аттракция – дауыссыз дыбыстардың позициялық
қайталануы. Екінші сөзбен айтар болсақ, паронимиялық аттрак-
ция – параллелизмнің фонетикалық деңгейдегі көрінісі.

1.4 Лексикалық синонимдердің
     стилистикалық сипаты

    Тілдегі синонимдер – сөз қорының асыл қазынасы. Әрбір
тілдің қандай дәрежеде жетілгендігі оның байлығы мен ора­
лымындағы синонимдердің молдығы арқылы көрінеді.

    Синонимияның сөздің мағыналық қасиетімен байланыс­
ты құбылыс екендігі белгілі. Бұл жүйедегі басты объект – сөз
болса, олардың мағыналық теңдігі мен жақындағы мағыналық
сәй­кестіктердің бір ұғым төңірегінде ұштасуымен анықталады.
Сон­дықтан синонимдер, ең алдымен әрбір тілдің дамуы мен
өркендеуіндегі ең маңызды да күрделі құбылыс, әрбір тілдің
дамығандығын, оралымдылығын сипаттайтын лексикалық кате-
гория болып табылады [21, 6].

    Стилистика тілдегі сөздердің стильдік-бағалауыштық сапа-
сын жинақтай отырып, олардың мағыналық дамуы мен өзгеруі
негізінде сөздердің функционалды-стилистикалық типтерін
белгілейді, соған орай олардың атқаратын қызметін, қолданылу
өрісі мен экспрессивті-эмоционалды қасиетін анықтайды.
Әсіресе, стилистикада синонимдердің рөлі ерекше екені анық,

           27

⇐ МАЗМҰНЫ
   22   23   24   25   26   27   28   29   30   31   32