Page 28 - index
P. 28

яғни: «Сөйлеу құралдарының синонимиясы – стилистиканың
баст­ ы проблемасы» [22, 7].

    Тіліміздегі синонимдерді жетік меңгеру өз ойыңды неғұрлым
дәлме-дәл етіп көрсетуге мүмкіндік береді. Тіл білімінде сино-
ним мәселесі өте күрделі және әлі толық шешімін таба қойған
жоқ. Оны оған берілген анықтамалардан-ақ байқауға болады.
Кейбір ғалымдар «тепе-тең сөздерді» синоним деп таныса, енді
біреулері тіркесу теңдігін негізгі белгі ретінде ұсынады. Ал
үшіншілері тіпті синонимдерді варианттылықпен тең категория
ретінде қарастырады.

    Қазақ тілі синонимдерге саны мен көлемі жағынан да, си­
нонимдік қатарлардың көптігі жағынан да өте бай тіл. Олардың
тіліміздегі сан алуан қырлары мен бояуларын, қолданылу аясы
мен мүмкіншіліктерін көруге болады. Қазіргі кездегі тіліміздегі
синонимдер мән-мағынасы мен қолданылу өрісіне қарай сан-
салаға бөлініп, саралана бастады. Олардың қолданылу ерекше­
ліктері өте кең, ойды жеткізу барысында белгілі бір ойды барын-
ша жан-жақты құлпыртып, тілді оралымды етеді.

    Проф. Ә. Болғанбаев лексикалық синонимдерді мағынал­ а­
рының тиянақты және тиянақсыз болып келуіне байланысты
тұрақты синонимдер және контекстік синонимдер деп екі топқа
бөліп қарастырады. Кейбір ғалымдар контекстік синонимдер­
ді стилистикалық синонимдер деп те атап жүр. Тұрақты си-
нонимдер қолданылу өрісі мен мағыналық реңктеріне қарай
мағын­ алық синонимдер, стильдік синонимдер мен мағыналық-
стильдік синонимдер деп бөлінеді [23, 117]. Алғашқысы тілдің
стилистикалық құралдарының бірі ретінде қарастырылады.
Сөйлеу мәдениеті барысында сөйлеу стилінің сапасы туралы
сөз болғанда, синонимдердің мағыналық айырмашылығын еске-
ру ерекше мәнге ие болады. Дегенмен стилистиканың сино­
нимиядағы негізгі ресурсы стильдік синонимдер болып табы-
лады. Яғни, олардың мағыналары өте жақын немесе тепе-тең
бола тұра, стилистикалық (экспрессивтік) бояуы мен қолданылу
өріс­ іне қарай мағыналары ерекшеленеді. Әдетте, стилистикалық
ерекшелік мағыналық реңктерден көрінеді. Сонымен, стильдік
синонимдер дегеніміз – мағына жағынан ұқсас, тең бола отырып,

           28

⇐ МАЗМҰНЫ
   23   24   25   26   27   28   29   30   31   32   33