Page 29 - index
P. 29

бір-бірінен стильдік бояуы арқылы өзгешеленетін мәндес сөздер
тобы [23, 123].

    Сөздердің стилистикалық реңктері олардың неше алуан
функционалды стильдерде қолданылуымен тығыз байланысты.
Тілдегі синонимдер – қоғамдық-әлеуметтік факторларға бай-
ланысты өзгеріп отыратын құбылыс. Әрбір тілдің қаншалықты
дамығандығы сол тілдің стильдік жүйесінің көпқырлылығымен
де, сапалық көрсеткіштерімен де өлшенеді. Жазба әдеби тілі
ерте дамыған тілдердің стильдік белгілері айқын сараланып, бір-
бірінен ара жігі бөлініп тұрады. Қазақ тіліндегі сөздердің стильдік
белгілері мен жігі енді-енді ғана саралана бастады. Сондықтан
оның нақтылы саны мен түрін кесіп-пішіп, үзілді-кесілді
жүйелеп, таратып айтып беру әзірге қиын. Дегенмен, тіліміздегі
синонимдердің төмендегідей реңктерін көрсетуге болады:
а) қадір тұтып сыйлағандықты білдіретін реңктер (есім – ат,
ақсақал – қария); ә) салтанат құру, көтеріңкі түрдегі реңктер
(жүлде – бәйге, мерекелеу – тойлау, азамат – жігіт); б) поэтикалық
реңктер (асқар – биік, қол – әскер, шапақ – арай); в) дөрекілік
мәндегі реңктер (бет – сықпыт, ерке – шолжың, ақсақ – шойнақ);
г) кекесін, мысқыл түрдегі реңктер (қожаңдау – қодыраңдау,
қораздану – қоқилану, еліру – желпілдеу, жеңілтектену –
тұштаңдау); д) кеміту, менсінбеушілік мәндегі реңктер (көлік
– бұт артар, еркек – бөрік киген, адам – тірі жан) [24, 14].
Синонимдердің мұндай стилистикалық бояулары синонимдік
қатардың доминанты болып табылатын бейтарап сөздермен
қатар қойылып, ажыратылады. Кейде бір синонимдік қатардан
(доминант сөзбен салыстырғанда) жоғарыда көрсетілген мағы­
налық реңктердің бірнешеуін бірден байқауға болады. Мыса-
лы: Аласа сөзі бейтарап мағыналы сөз болса, оған синонимдік
қатар құрайтын төмендегі сөздерден түрлі мағыналық реңк­тер­ді
көреміз: 1. Тапал, тәпелтек, пәс деген сөздердің бойынан кеміту,
менсінбеушілік мәндегі реңктер байқалады. Мысалы: Қаперімде
түк жоқ, кабинетімде отыр едім, бір тәпелтек кісі кіріп келді
(Ә. Нұршайықов). Комиссионка магазинінің алдында шикіл
сары, шашын келте қырқып бұйралаған бір тапал әйел тап болды
(К. Тоқаев). Мамалап жылап терезеге барып еді, пәс салынған

           29

⇐ МАЗМҰНЫ
   24   25   26   27   28   29   30   31   32   33   34