Page 30 - index
P. 30

пәкене үйдің терезесінен қызыл ай үңіле қарап тұр екен
(Ә.Тарази). 2. Қортық, мыртық, мыртесе сөздерінің бойынан
дөрекілік, жақтырмаушылық мәнді көреміз. Мысалы: Дүй­
себайдың баласы да Бибажарға тең емес, бір қортық көрінеді
(Сейфуллин). Жоғал, ақымақ мыртесе! – деген аудармада жазу-
шы тағы да бір сөзді тірілтті. (М. Әуезов). Ол мыртықты біліп
қайтесің, есімін атауға тұрмайтын бір жасық, – деп қолын бір-ақ
сілтеді (К. Тоқаев).

    Биік сөзі бейтарап мағыналы сөз болса, оған синонимдік қа­
тар құрайтын төмендегі сөздерге талдау жасап көрейік: 1. Заңғар,
асқар, зәулім сөздерінің бойында поэтикалық реңк бар: Ақ мұнар
ішінде Баянауылдың заңғар тау шыңдары біз мұндамыз деп тұр
(Д. Әбілев). Ақ басты Алатаудың асқар шыңдары кімдердің
көкейіне сұлу жыр түсірген жоқ (С.Бақбергенов). Зәулім Алатау
шыңдары, тау етегін қуалай самсаған ақ үйлер айқын көрінеді
(Ә. Нұршайықов). 2. Сұңғақ, бойшаң сөздерінің бойынан
қадір тұтып сыйлағандықты білдіру реңкін көреміз: Бойшаң
Жаншаның қасында Халел ұсақ көрінеді (Х. Есенжанов). Сұңғақ
бойлы, қара торы қыз назарын бірден аударды (Т. Ахтанов).
3. Сырықтай сөзі кекесін, мысқыл мәнді реңкті білдіреді.
Сырықтай ұзын болғандықтан ба, ол екі жағына теңселе басып
жүреді (А. Жақсыбаев).

    Әдетте, сөз бойындағы көтеріңкі стилистикалық бояулар
сал­танатты, шешендік, поэтикалық сипаттағы кітаби лексика-
дан алынса, төмендеткіш стилистикалық бояулар ауызекі-сөйлеу
тілінің қарапайым, жаргон, кәсіби, тіпті диалекті сөздерінен
құралады. Бұлардың бойынан тұрпайылық, келемеждеу, кеміту,
жек көру, жаратпау, қоштамау сияқты экспрессивті бояулармен
қатар, тілектестік білдіру, еркелету мәндерін де кездестіруге бо-
лады.

    Синонимдер жоғарыда көрсетілген стилистикалық реңк­
термен қатар, белгілі бір функционалдық стильдерде қолданылу
бейімділігіне қарай да стилистикалық ерекшеліктерге ұшы­
райды. Бұл ерекшелік те синонимдік қатардағы жалпылама
қол­данылатын доминант сөздің стилистикалық бейтараптығы­
мен салыстырыла анықталады. Түрлі функционалдық стиль-

           30

⇐ МАЗМҰНЫ
   25   26   27   28   29   30   31   32   33   34   35