Page 31 - index
P. 31

дерде синонимдерді қолдану біркелкі емес: біреуінде сино-
нимдер барынша кең қолданылса (мысалы, көркем әдебиет
стилі), екіншісінде синонимдерді жасау мен қолдану мүмкіндігі
мейлінше шектелген (ғылыми стиль, ресми-іскерлік стиль).
Бұл түрлі қатынас саласындағы талаптардың ерекшеліктері
мен басқа да экстралингвистикалық факторларға байланысты.
Мысалы, ресми-іскерлік стильге (әсіресе, заңшығарушылық
стиль) баяндаудың жоғарғы дәлдігіне ұмтылу мен әлеуметтік-
қоғамдық терминдердің кең қолданылуы тән. Ал терминдер бір
мағыналы және оларға синонимдік қатар қосуға жол берілмейді.
Бұл синонимдердің қолданылуын біршама шектейді, тіпті
қатынастың осы түрінде олардан бас тартуға тура келеді, өйткені
синонимдер сөйлеуде әрдайым мағыналық реңктердің өзгеруіне
соқтырады. Ғылыми мәтіндерде де баяндаудың ең жоғарғы
дәлдігіне, терминдердің кең қолданылуына ұмтылу қасиеті ба-
сым, сондықтан онда синонимдердің қолданылуы ресми-іскерлік
қатынастарға қарағанда молырақ кездескенмен, синонимдер
ғылыми стильге тән емес.

    Ал публицистикада, әсіресе, газеттік публицистикада жағ­
дай мүлдем басқаша. Баяндаудың экспрессивтілігін мақсат ету,
сөйлеуді түрліше құбылтуға ұмтылу, жалықтыратын сөз қайта­
лауларға жол бермеу – публицистерді синонимдердің барлық
ре­сурстарын мүмкіндігінше кең қолдануға міндеттейді. Сондай-
ақ, жалпыхалықтық қолданыстағы сөздер мен терминдерге ба-
лама ретінде жаңа контекстік синонимдер, түрлі бейнелі сөздер
(перифразалар) пайда болып, қалыптасады. Мысалы: көмір –
қара алтын, мақта – ақ алтын, дәрігерлер – ақ халатты абзал
жандар, т.б. Кейде бір мәтіннің ішінен тізілген синонимдік
қатарды да көруге болады. Ол тек лексикалық синонимдерден
ғана емес, сонымен бірге фразеологиялық және бейнелі ора-
лымдардан тұруы мүмкін. Мысалы: Астана – бас қала, Елорда,
Сарыарқаның төрі, Есіл жағалауы; Алматы – оңтүстік астана,
Қазақстанның екінші астанасы, мәдениет-өнер ошағы, т.б.

    Ауызекі сөйлеу стилінде синонимдердің қолданылуы сөй­
леушінің жеке басының шеберлігіне байланысты. Бұл қатынас
дайындықсыз, табан астында жасалатындықтан, онда синоним-

           31

⇐ МАЗМҰНЫ
   26   27   28   29   30   31   32   33   34   35   36