Page 32 - index
P. 32

дер көп қолданыла бермейді. Ал қолданылған синонимдер көбіне
жоғары экспрессивті, көпэлементті, қарапайым болып келеді.
Мысалы: Бет – ұсқын, сықпыт, пошым, сиық, т.б.; тырысу – ты-
раштану; шаршау – діңкелеу, өліп-талу; сұрау – тілеу; мүсәпір –
байғұс, бейбақ, мүскін.

    Синонимдік қатарларды қолдану мен дамыту қатынастың
эстетикалық саласында ерекше басымдыққа ие. Көркем әдебиет
стилі тіліміздегі синонимдердің бар байлығын қамтумен қатар,
оның мағыналық-стилистикалық сапасын жетілдіреді, сөйлеудегі
қолданылу тәсілдерін кеңітеді және жалпытілдік синонимдерді
жаңа элементтермен байытады.

    Көркем әдебиеттерде жеке-авторлық, контекстік синоним-
дер жиі қолданылады. Әдеби тілімізде синонимдік қатар құрай
алмайтын сөздердің мағыналық және стилистикалық жағынан
жақындап, синоним ретінде қолданылуы жеке-авторлық немесе
контекстік синонимдер деп аталады. Олардың бойындағы бей-
нелі ауыс мағыналар белгілі бір контексте жалпы халықтық
сөздермен синоним ретінде жұмсалуына мүмкіндік береді.
Мысалы: Өтті, өлді, тағдыр жоқ қайта келмек, – деген өлең
жолдарындағы өлді мен өтті сөздерін тек осы контексте ғана
синонимдік қатар деп тануға болады, әйтпесе өткеннің бәрі
өлгендік емес қой. Сол сияқты, Сайра да зарла, қызыл тіл, Қара
көңілім оянсын – дегеніндегі етістіктер де екі түрлі қимыл атау­
лары болғанмен, бұл контексте мағыналары жуықтатылған
қолданыстар [25, 86]. Сондай-ақ кілт, тетік, тағдыр сөздері
жалпытілдік синонимдер қатарына жатпайды. Алайда, «Шы­
ғармашылық еңбектің табысты болуының тетігі (кілті, тағдыры)
ізденуде, талпынуда деп білем» – деген сөйлемде олар мағыналық
жағынан жақындап, мәндес ұғымды білдіріп, осы контексте
синонимдік қатар құрап тұр.

    Тіліміздегі жалпы стилистикалық құрылым тұрғысынан кел­
генде, синонимдердің басым көпшілігін бейтарап мағыналы
сөздер құрайды. Бейтараптық мағынаны синонимдік қатардың
мағыналық тұтқасы болып табылатын доминант сөзден басқа
сөздер де беруі мүмкін. Сондай-ақ, синонимдік қатар түрлі
бей­нелі сөздермен – кітаби, ауызекі сөйлеу, тіпті қарапайым

           32

⇐ МАЗМҰНЫ
   27   28   29   30   31   32   33   34   35   36   37