Page 33 - index
P. 33

сөздермен толықтырылуы мүмкін. Мәселен, жоғарыда келт­ і­
рілген бет сөзінің синонимдік қатарын бейтарап мағыналы жүз
сөзімен, сөйлеу тіліне тән сиық, пошым, нысай, сықпыт, сұрық,
ұсқын, бәден, кітаби сипаттағы жамал, көне сүдін сөздерімен
толықтыруға болады.

    Мұндай қатардағы синонимдердің өзара айырмашылығы өз
бойындағы стилистикалық және эмоционалды-экспрессивтік
сәттерінде емес, олардың жеке стиль түрлерінде қолданылу
жиілігіне байланысты. Жоғарыда берілген бет, жүз сөздерінің
қолданылу жиілігі бәден, нысай, сықпыт, жамал, сүдін сөздеріне
қарағанда әлдеқайда кең.

    Тіл – қоғамдық құбылыс. Ол қоғамдағы түрлі лингвистика-
лық және экстралингвистикалық факторлардың әсерінен үнемі
даму, өзгеру процесінде болады. Тілдік құбылыс ретінде сино-
нимдер де тілдің дамуы барысында түрлі өзгерістерге ұшырай-
ды. Сол өзгерістердің бірі – тіліміздегі синонимдердің қолда-
нылу өрісіне қарай түрлі функционалды стильдерге сарала-
на бастауы. Бір синонимдік қатардағы сөздердің бірі көркем
шығармаларда қолданылуға бейім болса, екіншісі ауызекі сөйлеу
стиліне тән, ал үшіншісі, тіпті, терминдік сипатқа ие болып,
ғылыми және ресми мәтіндерде жиі кездесетіні байқалады. Мы-
салы: Ауру, науқас, сырқат, дімкәс немесе бақталастық, күндестік,
бақастық, бәсекелестік деген синонимдік қатарларды алсақ,
ондағы ауру, бақталастық, күндестік сөздері бейтарап мағынаны
білдіріп, барлық стиль түрлерінде қолданыла беретін болса,
науқас (мед.), бәсекелестік (экон.) сөздері терминдік сипатқа
ие болып, ресми және ғылыми стильге бейімделуде, ал дімкәс,
бақастық сөздері ауызекі сөйлеу стиліне тән. Мұндай стильдік
саралануды кемшілік (бейтарап), ақау (тех.тер.), кінарат (поэт.),
шіркеу (сөй.) немесе халық, ел, жұрт (бейтарап), әлеумет (тер.),
жамағат, қауым (поэт.), жаран (сөй.) синонимдік қатарларынан
да көреміз.

    Стилистикалық қатар, оның құрылымы мен семантика-сти­
листикалық мазмұнының проблемалары синонимдердің функ­
циял­ арымен тығыз байланысты. Тіл білімінде синон­ им­дердің
үш негізгі қызметі көрсетіліп жүр: а) ауыстыру қызметі, бұл –

           33

⇐ МАЗМҰНЫ
   28   29   30   31   32   33   34   35   36   37   38